19 Қараша, 2011

Әріптестік шапағаты – балдырғандар қамы

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қарағанды облыстық әкімді­гін­де мемлекеттік-жекеменшік әр­­­­іп­тестік шеңберінде балабақша­лар құрылысын жүргізу жөнінде концессиялық келісім-шартқа қол қойылды. Осыған байланысты рәсімде облыс әкімі Серік Ахметов мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аймақтық орталығының респуб­ли­када алғаш рет ашылып отыр­ған­дығын атап өтті. – Таңдаудың мектепке дейінгі білім беру саласындағы жобаны жүзеге асыруға түскені жайдан-жай емес. Елбасының балабақ­ша­лардағы орынның жетіспеушілігі мәселесін шешу тапсырмасына байланысты олардың құрылысын кең көлемде әрі жеделдете жүр­гі­зу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік концессия аталатын ме­ханизмін қолдануды жөн көр­дік. Осынау келісім «Қазақстан Республикасындағы концессиялар туралы» Заңның қабылдан­ған­нан бергі уақыттағы әлеумет­тік саладағы қол қойылған бірінші құжат, – деді ол. Келісім-шартқа облыстық білім беру басқармасының бастығы Ес­ен­ғазы Иманғалиев пен ашық кон­курста жеңімпаз болған тү­рік­­тің «7 Piramit» компаниясының бас­шы­сы Олу Мұстафа мырза қол қойды. Концессиялық жобаның жал­пы құны 6 млрд. теңге шама­сын­да. Оны іске асыру барысында Қара­ғанды қаласында әрқайсысы 320 орындық 11 балабақша са­лы­натын болады. Бұл – 3 пен 6 жас ара­лығындағы балалар үшін қо­сым­ша 3 520 орын ашылады деген сөз. Келісімнің қолданылу мерзімі – 14 жыл. Соған сәйкес концессионер 11 балабақшаның құрылы­сын келесі жылы аяқтауға тиіс. 2025 жылға дейін осы ғимарат­тар­ды техникалық жағынан қам­та­масыз етеді. Ал білім беру бас­қармасы жалпы мемлекеттік стандарттар негізінде білім мен тәр­бие беру үрдісін жүзеге асырады. Салынған инвестиция жергілікті бюджет пен ата-аналардың төлем­ақысы есебінен біртіндеп қайта­ры­лады. Бұл жоба еліміздегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін да­мы­та түсуге жаңаша серпін береді. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.