Әлем • 28 Қаңтар, 2018

Чехиядағы президент сайлауында Милош Земан жеңіске жетті

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехияның 73 жастағы қазіргі президенті Милош Земан екінші рет сайланды, деп хабарлайды РИА Новости сайты.

Чехиядағы президент сайлауында Милош Земан жеңіске жетті

Земан екінші турда өзінің қарсыласы — Ғылым академиясының бұрынғы төрағасы Йиржи Драгошты 51,45% (2,84 миллион адам) басымдықпен жеңді. Йиржи болса 48,54% (2,68 миллион адам) дауыс жинады.

«Бес жыл бұрын болған президент сайлауында маған 2,7 отандасым дауыс берген еді, ал қазір мені қолдаушылардың саны 2,8 миллионға жетіп отыр. Сол себепті алдағы бес жылда жақсы нәтижелер көрсету үшін барымды салып, Чехия республикасының азаматтарының көңілін қалдырмаймын деп уәде беремін», - дейді Земан.