Спорт • 28 Қаңтар, 2018

Каратешілеріміз Одессада 17 медаль еншіледі

268 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Украинаның Одесса қаласында өткен Карате-киокушинкай бойынша Әлем чемпионатында қазақ спортшылары әр деңгейдегі 17 медальға қол жеткізді. Бұл туралы Карате-киокушинкай Республикалық Ұлттық федерациясы Баспасөз қызметі хабарлады.

Каратешілеріміз Одессада 17 медаль еншіледі

Спортшыларымыз жалпы есепте 12 алтын, 4 күміс және 1 қола медальды жеңіп алды.

Жеңімпаздардың тізімі төмендегідей:


12-13 жас қыздар 45 келіге дейін Кемелбекова Кәмила 2 орын( Жамбыл облысы),

12-13 жас 40 келіге дейін Қуаныш Датқа 1-орын ( Жамбыл облысы),

12-13 жас 45келіге дейін Глеб Гуров 3-орын (ШҚО),

12-13 жас 50 келіге дейін Әжібек Медет 1-орын (Алматы облысы),

14-15 жас 45 келіге дейін Диас Қостыбаев 2-орын (ШҚО),

14-15 жас 50 келіге дейін Рахат Жанғабылов 1-орын (Астана),

16-17 жас 50 келіге дейін Айбек Шаукилов 1-орын (Кызылорда облысы),

16-17 жас 60 келіге дейін Асхат Галеев 1-орын (Акмола облысы),

16-17 жас 50 келіге дейін Мәдина Сауытова 1-орын (Астана),

+18 жас қыздар 55 келіге дейін Нарқыз Ұзақбаева 1-орын (Ақмола облысы),

+18 жас қыздар +70 келіге дейін Әлемгүл Сабырхан 1-орын (Ақмола облысы),

+18 жас ерлер 60 келіге дейін Жәнібек Темірлан 1-орын (Астана),

+18 жас ерлер 70 келіге дейін Әлішер Кәрменов 1-орын (Астана),

+18 жас ерлер70 келіге дейін Данияр Әлимусинов 2-орын (Астана),

+18 жас ерлер 80 келіге дейін Андрей Котов 1-орын (Атырау облысы),

+18 жас ерлер 80 келіге дейін Нұрлыхан Сәдуақасов 2-орын (Астана),

+18 жас ерлер + 80 Никита Гарас 1-орын ( Қарағанды облысы).


Қоржындары қомақты Ұлттық құрама 30 қаңтар Астанаға жетеді деп күтілуде.