Ирши ШИМА, шығыстанушы, профессор (Чехия):
– Мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымен үлкен қызығушылықпен танысып шықтым. Осы орайда Президенттің бастамасымен экономика мен қоғамдық сананың негізгі секторларын жаңғырту жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқанын атап өткім келеді.
Сонымен қатар мені елді цифрландыру шаралары қатты қызықтырады. Президент белгілеген жаңа міндеттер Қазақстанның дамуы мен оның әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіруі үшін негізгі қадамдар екені сөзсіз.
Қорыта айтқанда, Қазақстан Президенті Жолдауында айтылған басымдықтарды жүзеге асыру тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға және халықтың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.