Қазақстан • 29 Қаңтар, 2018

Жаңғыру негізі – адами капиталды дамыту

2074 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жаңғыру негізі – адами капиталды дамыту

Президенттің Жолдауында жаң­ғырудың негізі ретінде қарас­ты­рылатын адами капитал­дың дамуына басымдық берілген. Бұл зама­науи сын-тегеуріндерге жа­уап беретін шешім, себебі, бүгінгі пос­тиндустриялық даму, иннова­циялық экономика, білім экономикасы ғасырында жоғары деңгейлі маман, өз ісінің шебері кез келген мемлекеттің артықшылығы болып табылады.

Президент Жолдауында білім бағдар­ламаларының негізгі басым­дығы жаңа білімді өзгерту мен игеру, соған ұдайы бейімделу болуы керектігі айтылған. Бұл фак­тор заманауи қоғамның жылдам өзге­ріп отыратындығымен бай­ла­ныс­ты. Инновация мен жылдам­дық қазір­гі әлемде бәсекеге қабілет­тіліктің басты белгісі. Сондықтан әлем­дегі өзгерістерден қалыспау бүгінгі таңда көштен қалмаудағы ең маңызды шарт болып табылады.

Алдағы уақытта жаңа технологиялар көптеген мамандықтардың жо­йылуына әкеліп соқпақ. Ал тың мамандықтарға сұраныстар арта береді. Нақтыласақ, өндіріс, денсаулық сақтау, сауда, мемлекет басқару салаларындағы ақ­па­раттық технологияларға әсер етіп жатқан Big Data үлкен деректер технологиясы мамандарына сұра­ныс артып келеді.

Осы факторды ескере отырып, Жол­дауда барлық жастағы азаматтарды қамтитын алдыңғы қатарлы білім жүйесін жасау туралы айтылды.

Меніңше, әр өңірдегі оқушы­­лар сарайларының жанынан ком­пью­терлер, зертханалар мен 3D-прин­терлер секілді барлық қажет­ті инф­рақұрылымы бар балалар тех­­но­паркі мен бизнес-инку­ба­­то­р­ларды жасау шешімі де өте маңызды. Бұл жас буын­ның ғылы­­ми-зерттеу мен өндіріс­тік-техно­­ло­гиялық ортаға бейімде­луі­не, жаңа әрі сұранысқа ие мамандықтар бо­йынша білікті маман даярлауға сеп­тігін тигізеді, бұл өзгеріп жатқан жаңа әлемнің басты талабы.

Осылайша, Елбасының 2018 жыл­­ғы Жолдауында жоғары дең­гей­лі индустриялық секторды пай­­да­­ла­ну туралы нақты айтылып отыр. 

Айман ЖҮСІПОВА,

Елбасы Қоры жанындағы ӘЭСИ-дің жетекші сарапшысы