Қазақстан • 29 Қаңтар, 2018

Сергей Могилатов: «СарыарқаАвтоПромда» 500 электромобиль құрастырылады

332 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сергей Могилатов: «СарыарқаАвтоПромда» 500 электромобиль құрастырылады

Елбасының кезекті Жол­дауын мұқият тыңдадық. Расын­да да, көлік-логистика инф­ра­құрылымының тиім­ді­лі­гін арттыру заман сұра­ны­сынан туындап отыр. Мем­лекет басшысы Қазақстан ар­қылы өткен жүк транзитінің былтыр 17 пайызға өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтағанын айтты. Сонымен қатар біздің алдымызға транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндетін қойды. Бұған Қостанай облысы да айтар­лықтай үлес қосатынына се­нім­­­дімін. Жалпы, Қазақ­стан­­да құрастырылатын iEv7S электромобильдері Қытай­­­дың JAC маркасының негізін­де жасалған. Іс жүзінде бұл автокөлік NEDC циклімен 280 шақырымға дейін тоқ­та­май жүре алады. Егер жыл­дамдықты 60-тан асырмаса 350 шақырымға дейін баруға болады. Ал автокөлік батареясын толық қуаттау үшін шамамен 7 сағат уақыт қа­жет. 2018 жылдың аяғына де­йін Қостанайда 500 электромобиль құрастырып шы­ғару жос­парланған. Көлік­тің бағасы шамамен 7,5 млн теңгеден басталады. Аталған көліктердің жалпы сатылымға дәл қай кезде шығатыны әзірге белгісіз.

Алдағы уақытта жүк қоз­ға­лысын онлайн жүйе­де ба­қылап, оған цифрлы техно­логия­лардың ауқым­ды түрде енгізілуін қамта­ма­сыз ету жос­парда тұр. Бұл логистиканың барлық буынының өзара байланысын ұйымдастыруға мүм­кіндік береді. Біздің кәсіп­орын Қытай, Ресей, Өзбекстан сияқты елдермен тығыз байланыста. Соңғы жеті жыл ішінде зауыт 30 мың автокөлік шығарды. Автобус өндірісі 12,4 есеге артты. Былтырдан бері 215 «Ивеко» маркалы автобус құрастырылып, Ас­тана­да өткен ЭКСПО-2017 халық­а­ралық көрме­сіне келушілер­ді тасымал­дауға жөнелтілді. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ның өндірістік алаңында ANKAI атты автобустардың бірлескен зауыты іске қо­сыл­ды. Автобустар «Еуро 5» экологиялық талаптарына сай келеді. Газбен де, дизель отынымен де жүреді.

Сергей МОГИЛАТОВ,

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС директорының орынбасары