Қазақстан • 29 Қаңтар, 2018

О.Жәутіков атындағы халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері анықталды

2027 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде О.Жәутіков атындағы халықаралық олимпиадаға арналған баспасөз конференциясы өтті. 

О.Жәутіков атындағы халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері анықталды

Жиын барысында Респуб­ли­калық физика-математика мектебінің директоры Ғабит Бекахметов халықаралық олимпиадалар бойынша Қазақстан құра­масы жақсы нәтижелер көрсетіп келе жатқанын жет­кізді.

«10-11 сыныптарға арнал­ған математика, физика және ин­фо­р­матика пәндерінен өт­кен XIV ха­лықаралық Жәутіков олим­пи­адасының қо­­ры­тын­дылары бойын­ша Қазақстан құра­масының оқу­шы­­лары 60 медаль­дың иегерлері атан­ды. Оның ішінде 7 алтын, 16 күміс, 37 қола. Олимпиада Қазақстан Республикасы Білім және ғы­лым министрлігі және Ал­маты қаласы әкімдігінің қол­дау­ы­­мен өтті. Жәутіков олимпи­а­дасы 14 жыл ішінде әлем бо­й­ынша танылды. Осы жылы оған таяу және алыс шетелдің  ең мық­ты мамандандырылған 72 мек­тебі қатысты. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Грузия, Ар­­мения, Қырғызстан, Өзбек­стан, Тәжікстан, Түрік­мен­стан, Болгария, Румы­ния, Сер­­­бия, Түркия, Иран және Ин­до­незиядан 482 оқу­шы­ келді. Олимпиада өтетін РФММ 46 жыл бойы Қаза­қ­стан­­дағы және ТМД елдері ара­сындағы жетекші физика-математикалық мектептердің бірі болып табылады. Қазақ­стан атынан қатысқан 22 ко­ман­даның ішінен Алматы қаласының РФММ ең жоғары нәтиже көрсетті және мектеп ко­мандаларының рейтингінде құрмет грамотасын алды», деді мекеме басшысы.

Сонымен қатар ол осы олим­­­­­­пиада тапсырмаларының ав­тор­­лары ретінде Назарбаев Ун­и­­верситетінің, ММУ-дің, Мәскеу физика-тех­ни­калық инс­­титутының, Ереван мем­ле­кеттік университетінің, Бе­ла­­русь мемлекеттік универ­си­тетінің ең мықты профес­сорлары, Google және National Laboratory Astana қыз­мет­кер­лері қатысқанын жет­кіз­ді.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»