19 Қараша, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №08-2/623

261 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2011 жылғы 1 қараша,   Астана қаласы «Асыл тұқымды өнім (материал) түрлері бойынша облыстар бөлінісіндегі бюджеттік субсидиялардың көлемі, сондай-ақ республикалық малды асылдандырушы орталыққа, етті бағыттағы құс шаруашылығының асыл тұқымды шаруашылығы бойынша, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды зауытына қаражат бөлудің жылдық сметасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы №08-2/292 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 наурыздағы №242 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасының 7-тармағына сәйкес, бұйырамын: 1. «Асыл тұқымды өнім (материал) түрлері бойынша облыстар бөлінісіндегі бюджеттік субсидиялардың көлемі, сондай-ақ республикалық малды асылдандырушы орталыққа, етті бағыттағы құс шаруашылығының асыл тұқымды шаруашылығы бойынша, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды зауытына қаражат бөлудің жылдық сметасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7040 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 27 қазандағы №342-343 жарияланған) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы №08-2/292 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген, бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес облыстар бөлінісінде және асыл тұқымды өнім (материал) түрлері бойынша бюджеттік субсидиялардың көлемі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Р.А.Тоқсеитова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін (М.Т.Өмірияев). 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министрдің міндетін атқарушы Е.АМАН. Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 08-2/623  бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы  № 08-2/292 бұйрығына   1-қосымша Асыл тұқымды өнім (материал) түрлері бойынша облыстар бөлінісінде бюджеттік субсидиялардың көлемі Р/с №    Облыстар Шығыс салалары (мың теңге) БАРЛЫҒЫ Асыл тұқымды отандық селекция-лық ірі қара мал төлі    Асыл тұқымды төл    Импорт- тық асыл тұқымды ірі қара мал төлі     Тұқым-дық бұқалар-дың ұрығы    Асыл тұқым- ды жұ-мыртқа    Тәулік-тік балапан-дар    Республика-лық малды асылданды-рушы орталықтың штелдік селекцияның тұқымдық бұқаларының ұрығын сатып алу, сондай-ақ тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу, олардың ұрығын және эмбрионда-рын алу және сақтау жөніндегі шығындарды толық өтеуге    Етті құс шаруа-шылығы бойынша асылдан-дырушы шаруа-шылықта асыл тұқымды құсты сатып алу және күтіп-бағу жөніндегі шығын-дарды толық өтеуге    Қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы-ларды көбейту, күтіп-бағу және жаттықтыру жөніндегі шығындарын толық өтеуге 1    Ақмола    94 990,0        928 018,0    16 293,0        26 100,0    333 303,0    138 671,0        1 537 375,0 2    Ақтөбе    49 700,0    16 262,0    164 600,0    1 869,0                        232 431,0 3    Алматы    117 744,0    74 796,0    66 000,0    17 047,0    27 394,0    24 543,0                327 524,0 4    Атырау        25 000,0                                25 000,0 5    Шығыс Қазақстан    220 500,0    129 497,0    190 000,0    23 200,0                        563 197,0 6    Жамбыл    133 760,0    318 787,0        8 800,0                        461 347,0 7    Батыс Қазақстан    52 465,0        5 600,0    2 500,0                        60 565,0 8    Қарағанды    88 200,0    41 800,0    10 400,0    4 450,0    72 200,0    6 124,0                223 174,0 9    Қостанай    76 300,0    1 802,0    190 000,0    12 000,0    64 600,0                79 639,0    424 341,0 10    Қызылорда    15 114,0    37 479,0    109 800,0    1 500,0                        163 893,0 11    Манғыстау        3 000,0                                3 000,0 12    Павлодар    61 561,0    28 000,0    30 000,0    5 000,0                        124 561,0 13    Солтүстік Қазақстан    57 923,0        465 600,0    5 211,0        4 860,0                533 594,0 14    Оңтүстік Қазақстан    43 900,0    320 580,0        4 492,0    19 000,0    12 375,0                400 347,0 Барлығы:    1 012 157,0    997 003,0    2 160 018,0    102 362,0    183 194,0    74 002,0    333 303,0    138 671,0    79 639,0    5 080 349,0 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 8 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7291 болып енгізілді.