Қазақстан • 31 Қаңтар, 2018

Тұрғын үй құры­лыс жинақ банкі «Цифр­лы Қазақстан» бағдарламасы­на белсенді қатысады

361 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні Тұрғын үй құры­лыс жинақ банкі цифрлы техн­о­логияларды жұмыс барысында белсенді түрде қолдануда. Себе­бі мұндай технологиялар халық­қа қызмет көрсету процесін бұрын­ғыдан да қолжетімді, жеңіл және айқын ете түседі. Банктің клиенттерге ұсынып отырған цифр­лы сервистері азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдеп, бөлімшеге бармай-ақ, қашықтан банк операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді.    

Тұрғын үй құры­лыс жинақ банкі «Цифр­лы Қазақстан» бағдарламасы­на белсенді қатысады

Мәселен, цифрлы технологияларды қолдану арқылы банк тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісімшартты ашу уақытын 5 есе қысқартуға қол жеткізе алды (бұрын бұл 30 минут уақытты алатын, қазір 7 минутқа дейін азайды). Бұдан бөлек несие өтінімін қарас­тыру да 1,5 күнге дейін қысқарды (бұрынғыға қара­ғанда 4,5 есе аз). 

Бұл заманауи технологияларды қолдануға қатысты шағын мысал ғана. Ауқымды жобалар тура­лы келесіні айтуға болады. 

2017 жылдың күзінде ҚТҚЖБ бірегей сервисін, атап айт­қан­да, Baspana.kz жылжымай­тын мүлік порталын іске қосты. Тұң­­ғы­ш рет мемлекеттік бағдар­лама­лар аясында салынатын тұр­ғын үй­лердің барлығы бір жерге бірік­тірілді. Бұл жай ғана ақ­параттық сайт емес, бұл – қызмет көрсету порталы. Мұнда елде қандай тұрғын үй кешендерінің салынып жатқаны туралы мәлі­мет­терді біліп қана қоймай, мем­ле­кеттік бағ­дарламаға қатысу­ға өтініш беруге, осыдан кейін жобаға қа­ты­­сушы сатып алғысы келетін нақ­ты бір пәтерді таңдаудан бас­тап мемлекеттік бағдарлама бо­йы­нша заем ресімдеуге дейінгі бар­лық кезеңдерден өтіп шығуға болады. 

Қазіргі уақытта порталда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағ­дар­ламасының аясында әкім­діктер және «Бәйтерек девелопмент» компаниясы салған немесе салып жатқан 200-ден астам нысан туралы ақпарат бар. 

Бұдан бөлек Baspana.kz порталында қазір банктің «Өз үйім» атты жеке бағдарламасына кіретін нысандар жайында мәліметтер енгізілуде. Келесі кезең ретінде порталда ҚТҚЖБ арқылы сатылатын нарықтағы барлық жаңа үйлер туралы ақпаратты жариялау жоспарланып отыр. 

Бүгінгі күні банкте кеңесші­лердің әлеуметтік желісі толық­қан­ды жұмыс істеп жатыр. Ол ҚТҚЖБ-ның штаттан тыс агенттеріне банк қызметіне қызығушылық білдірген адамның жұмыс орнына немесе үйіне барып, қашықтан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозитін ашуға мүмкіндік береді. Ол үшін кеңесшіге интернетке қосылған планшет жеткілікті. Осы жылдан бастап банк кеңесшілері қашықтан салымдарды біріктіру, шотты басқа адамның аты­на аудару, сондай-ақ несие алу үшін клиенттен өтініш қабылдау сияқты қызметтерді де атқара алатын болатын. 

Сонымен қатар банкте төлем қабылдаудың балама жол­дарының толыққанды жүйесі жолға қойылған. Осының арқа­сын­да клиенттер басқа банктер­дің интернет-банкингі, электронды төлем жүйелері, Қазпошта, ұялы байланыс операторлары сияқты өздеріне ыңғайлы әдіс­тер­мен депозит толықтырып, заем ақысын өтей алады. Барлығы 20-дан астам балама төлем жолы бар. Банк олардың бәрін тиімді қолдануда. Мысал ретінде келесі статистиканы қарастыруға болады: 2016 жылы 621 мың онлайн-төлем жүргізілген, ал 2017 жылдың қорытындысы бойынша аталған көрсеткіш 1 248 288-ге жетті. Яғни банк клиенттері жүргізетін төлемдердің шамамен 35%-ы осы балама төлем әдістері арқылы аударылады. 

ҚТҚЖБ жеке интернет-бан­­кингін де дамыту үстінде. Қазір бұл сервисті 300 мыңдай адам пайдаланады, олардың бір бөлігі – мемлекеттік тұр­ғын үй бағ­дарламаларына қаты­­сатын салым­шылар. Шот толық­тырудан бөлек интернет-банкинг клиент­ке онлайн-режімде салым мен сыйақы көлемін, бағалау көр­сет­кішін бақылап отыруға, банк бөлім­шелеріне бару үшін кезекке жазылуға, пулға қатысу үшін өтініш беруге мүмкіндік туғызады. 

Осы жылы Тұрғын үй құры­лыс жинақ банкі бейнебанкинг атты бірегей сервисті дамытуды жалғастырады. Клиенттер бұл қызметтің көмегімен бейнебайланыс арқылы банк менеджеріне хабарласып, қашықтан кеңес ала алады.

Қазіргі уақытта бей­не­банкинг Алматы және Орал қалаларындағы бөлім­ше­лер­де тестілеуден өтуде. Алда­ғы уақытта банк екі типтегі бейне­бан­кингті қолданыс­қа енгізуді жоспарлап отыр. Олардың бір түрі банк бөлімшелерінде, ал екіншісі сайтта орналастырылады. Бейнебанкинг арқылы болашақта депозит және несие бойынша кеңес; жаңа келі­сімшарт ашу; шот бойынша көшірме алу; постдепозиттік опе­рациялар; анықтама ресімдеу қызметтерін алуға болады. 

2018 жылы ҚТҚЖБ «Цифр­лы Қазақстан» бағдарламасы­на белсенді түрде қатысады. Банк ақ­параттық жүйелерін аттес­­та­ция­лап, барлық мем­лекет­тік мәлі­меттер базаларына қосы­луды жос­парлап отыр. Осы­ның арқа­сында клиенттерден сұ­ра­латын құжат­тар мен анықтамалар саны азаяды, қыз­мет көрсету, оның ішінде заем беру бойынша шешім қабыл­дау уақыты қысқарады. 

Ләззат ИБРАГИМОВА,
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Судан да сақтану керек

Қоғам • Бүгін, 22:35

Керек дерек

Digital • Бүгін, 09:50

Отандық жаңа зауыт іске қосылды

Экономика • Бүгін, 09:50

«Мен – Отан қорғаушымын!»

Байқау • Бүгін, 09:40