Қазақстан • 31 Қаңтар, 2018

Қысқы Олимпиадаға Шығыс Қазақстаннан 12 спортшы қатысады

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санаулы күндерден кейін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында XXIII қысқы Олимпиада ойындары басталады. 

Қысқы Олимпиадаға Шығыс Қазақстаннан 12 спортшы қатысады

Әрине, төрткүл дүние көз тігетін дүбірлі додада еліміз негізінен қысқы спорт түрлері қанат жайған Шығыстың спортшыларына сенім артатыны белгілі. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы әлемдік деңгейдегі бәсекеде Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғайтын Шығыс Қазақстан спортшыларының есімін жариялады. Қысқы спорттың 4 түрінен өнер көрсететін 12 спортшының тізімі төмендегідей:

1. Алексей Полторанин (Риддер, шаңғы жарысы).

2. Дмитрий Рейхерд (Өскемен, фристайл могул).

3. Юлия Галышева (Өскемен, фристайл могул).

4. Павел Колмаков (Өскемен, фристайл могул).

5. Галина Вишневская (Семей, биатлон).

6. Сергей Ткаченко (Риддер, шаңғымен трамплиннен секіру).

7. Виталий Витенко (Риддер, биатлон).

8. Ольга Полторанина (Риддер, биатлон).

9. Елизавета Бельченко (Риддер, биатлон).

10. Елена Коломина (Риддер, шаңғы жарысы).

11. Василий Подкорытов (Риддер, биатлон).

12. Аяулым Әміренова (Өскемен, фристайл могул).

Естеріңізге сала кетейік, төртжылдықтың басты бәсекесі ақпан айының 9 мен 25 аралығында өтеді.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН