Қазақстан • 01 Ақпан, 2018

Бас келісімге қол қойылды

438 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия отырысы өтті. Комиссия жұмысына Кәсіподақтар федерациясының, Еңбек конфедерациясының, Кен өндіруші және кен-металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының басшылары, сондай-ақ селекторлық режімде облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Бас келісімге қол қойылды

Отырыс барысында мем­ле­кет­тің әлеуметтік-еңбек саясаты және «Төртінші өнеркәсіптік ре­во­л­юция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» атты Жол­дауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген мін­дет­терге сәйкес республика азамат­тары үшін лайықты еңбек жағ­дай­ларын жасау мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында әлеумет­тік-еңбек қатынастарын реттеу­дің негізгі бағыттары бойынша тараптардың келісілген пози­ция­ларын анықтайтын ел Үкі­меті, республикалық жұмыс­шы­лар бірлестіктері және респуб­лика­лық жұмыс берушілер бірлес­тік­тері арасындағы 2018-2020 жыл­дарға арналған бас келісімге қол қойылды. Бас келісім аясында қабылданған міндеттемелерді іске асыру бойынша іс-шара­лар жоспары (жол картасы) қара­лып, бекітілді. Аталған құжат­қа Әлеуметтік және еңбек қа­ты­н­астарын реттеу мен әлеу­мет­тік серіктестік жөніндегі рес­пуб­ликалық үшжақты комис­сия тарабы, атап айтқанда, Үкі­мет­тен Премьер-Министрдің орын­басары Ерболат Досаев, жұмыс­шылар бірлестіктерінің атынан Қазақстан Кәсіподақтары феде­рациясының төрағасы Бақыт­жан Әбдірайым және Қазақ­стан­ның еңбек кон­федерация­сы­ның бас хатшысы Мұрат Маш­кенов, жұмыс берушілер бір­лестіктерінің атынан «Ата­мекен» ұлттық кәсіп­кер­­лер палатасының бас­қарма төр­ағасы Абылай Мыр­зах­метов, Жұмыс берушілер кон­фе­де­ра­циясының басқарма төр­ағасы Қадыр Бай­кенов, Кен өнді­руші және Кен-метал­лургия кәсіп­орындарының респуб­лика­лық қауымдастығының атқару­шы директоры, Қазақстан тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағының президенті Николай Радостовец қол қойды.

Бас келісімнің үш жылдық мер­зімге бекітілуі Үкіметтің әлеу­мет­тік серіктестікті дамытуға назар аударып отырғандығын біл­діреді. Бұл өз кезегінде тараптар үшін бірігіп қызмет етудің ба­сым бағыты болмақ. Құжаттың негіз­гі мақсаты келісілген әлеу­мет­­тік-экономикалық саясат­ты жүр­­гізу және еңбеккерлердің ла­­йық­ты еңбек шарттарын қам­та­­ма­­сыз ету үшін өзара жұмыс жүр­­­гізу. Сондықтан аталған келі­­сім Мемлекет басшысының «Қазақ­­­станн­ың үшінші жаңғы­руы: жаһан­­дық бәсекеге қабі­леттілік» атты Жол­дауы, Еңбек кодексі және кәсіп­о­дақтар туралы заңнаманы еске­ре отырып әзірленгенін айта кеткен абзал.

Бас келісім әлеуметтік серік­тестікті дамыту, мемлекеттің тұ­рақты экономикалық өсімі мен адам капиталына инвес­тиция­лар­дың артуын қамтамасыз етуге арқау болатын әлеуметтік-еңбек саласындағы қатынастарды реттеу қағидаларының негізінде дайындалған. Жаңа келісім­де кәсіподақтар үшін басым мақ­саттар еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды күшейту, әлеуметтік стандарттарды кезең-кезеңімен жақсарту, еңбек қауіп­сіздігі мен еңбекті қорғау мәсе­лелерін бекіту, ең төменгі күн­көріс деңгейінің көлемін анық­тау әдістемесін жетілдіру мәсе­ле­лері екенін айта кеткен жөн.

«Кәсіподақтардың негізгі мақсаты – кәсіби өсу шарттарын қамтамасыз ету және еңбектің сапасын арттыруға қол жеткізу. Осы құжат – қол жеткізген келісімнің нәтижесі. Бұл кәсіподақтар үшін республикамыздың 6 миллионнан астам еңбеккер азаматтарына лайықты еңбек шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған мақсаттарына қол жеткізуіне мүм­кіндік береді», деді Кәсіп­одақтар федерациясының төраға­сы Бақытжан Әбдірайым.

2015-2017 жылдарға арнал­ған бас келісімде қарасты­рыл­ған шараларды іске асыру нә­тижесінде жалпы әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында көрсеткіштер жақсарды. Яғни, үш жылда еліміздің кәсіп­о­рын­­дарындағы өндіріс­тік жара­қаттану 1,4 пайызға азайса, орта және ірі кәсіпорын­дарын­дағы ұжымдық-шарттық қаты­нас­тармен қамту 3,1 пайызға артты. 1400-ден ас­там кәсіпорын Ха­лық­аралық ең­бек ұйымы ұсын­ған қауіпсіздік және еңбекті қор­ғау бойынша стандарттарды ен­гіз­ді. Сондай-ақ 12 мыңнан ас­там өндірістік кеңес құрылып, құрамына тең негізде жұмыс берушілер мен жұмыскерлер өкілдері кірді.

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»