Ауыл • 01 Ақпан, 2018

Жаңатастық жастардың жақсы бастамасы

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаңатастық жастардың жақсы бастамасы

Биыл Жамбыл өңірінде бұрын-соңды болмаған қыс бо­лып, сарышұнақ аяз елді әбі­герге салуда. Тіпті облыстың Мойынқұм, Сарысу, Талас се­кілді шалғай аудандарында күннің суықтығы 30 градус­тан асты. Кейбір ауылдардағы мектептерде сабақ тоқтатылды. Балалар түгілі ересек азамат­тар­дың өзінің жұмысқа ба­рып-келуі қиындық тудырып тұр­ған кезде Сарысу ауданы Жа­ңатас қаласында қала тұр­ғын­­дары үшін «Тегін такси» қайы­­рымдылық акциясы бастау алды.

 Аталған акция аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің инспектор маманы Бауыржан Балғабайдың бастамасымен басталып, жа­ңа­тастық жастардан қол­дау тауыпты. Әуелі акцияны ұйым­­­дастырушылар Жаңа­тас қала­сындағы «Айгө­лек» бала­бақ­шасының тәрбиелену­шілері мен олардың ата-аналарын тұр­ғылықты мекенжайларына жеткізу ісін қолға алған. Сөйтіп ел разылығына бөленген жастар әлі де бұл акцияның жалғаса беретінін айтуда.

 Айта кетейік, аталған шараға 7 автокөлік жұмылдырылған екен. Акция барысында жүзден астам ересек азаматтармен қатар балалар да үйлеріне тегін жеткізілген.

 

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы