Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде БҰҰ Хатшылығының көмегімен Қауіпсіздік Кеңесінің үздіксіз күнделікті жұмысын қамтамасыз етті және мандатқа сәйкес жүктелген функцияларды орындады.
Қазақстанның төрағалығы барысында консультациялар, брифингтер және пікірталастар форматында 30-ға жуық отырыс өткізілді және олардың қорытындылары бойынша Кеңес Төрағасының бұқаралық ақпарат құралдары үшін қарарлар мен мәлімдемелер қабылданды.
18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі тақырыптық брифинг Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуінің басты іс-шарасы болды. Отырыс сенімді нығайту шаралары, сондай-ақ превентивті дипломатия құралдарын нығайту әлемдік державалар арасындағы саяси конъюнктура нәтижесінде уақытылы шешілмейтін көптеген маңызды мәселелер бойынша прогреске қол жеткізудің негізі бола алатындығын көрсетті.
Отырыс қорытындысы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасының № S/PRST/2018/1 мәлімдемесі (Presidential statement) жанжалдардың алдын алу кешенді стратегиясына арналған. Аталған құжатта превентивті өрістету, алдын-алу, татуластырушылық, бітімгершілік, жанжалдан кейінгі бейбітшілікті және есеп беру міндеттілігі шараларын нығайтумен қатар алғаш рет жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселесі қамтылды. Бұл қабылданған құжаттың бірегейлігі болып табылады.
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған Орталық Азиядағы бірінші мемлекет ретінде төрағалығы барысында аймақтағы барлық мемлекеттерінің мүдделерін ілгерілету бойынша белсенді жұмысын жалғастырды.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен 19 қаңтарда өткен «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігінің үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азиядағы аймақтық серіктестікті құру» тақырыбында өткен министрлер деңгейіндегі тақырыптық пікірталастары негізгі іс-шаралардың бірі болды.
Отырысқа Кувейт, Ресей, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның Сыртқы істер министрлері, Ұлыбритания, Нидерланд, АҚШ, Экваторлық Гвинея және Ауғанстанның сыртқы саяси ведомство басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің және Еуропалық Одақтың мүше мемлекеттерінің делегациялары қатысты. Баяндамашы ретінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сөз сөйледі.
Отырыс қорытындысы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасының № S/PRST/2018/2 мәлімдемесі (Presidential statement) қабылданды. Құжатта Ауғанстан мен Орталық Азиядағы ұзақ мерзімді бейбітшілікті, тұрақтылықты және тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін өңірлік, аймақаралық және халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы атап көрсетілген және өңір елдерінің бейбітшілік, өркендеу және ынтымақтастық аймағын кеңейтуге бағытталған бірлескен күштеріне қолдау білдірілген.
12-15 қаңтарда ұйымдастырылған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі делегациясының Кабулға сапары Қазақстан төрағалығының маңызды іс-шарасы болды. Іс-шара барысында ел басшылығы, саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулер өткізілді. Сапар аясында Ауғанстан Үкіметінің кең ауқымды өзара байланысты мәселелерді шешу жөніндегі күштері қарастырылды сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің жергілікті күштерге қосымша жәрдемдесу жолдары анықталды.
Кабулдағы далалық миссия 2010 жылдан бері Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстанға алғашқы сапары болды және ол елдегі ағымдағы жағдайды қарастыруға, сондай-ақ мемлекет және оның азаматтарының мүдделері мен басымдықтарын объективті түсінуге мүмкіндік берді.
18 қаңтарда Қазақстан БҰҰ аясында Терроризмсіз әлемге қол жеткізу жөніндегі әрекет ету кодексінің жобасын жүзеге асыру үшін жоғары деңгейдегі арнайы іс-шара өткізді. Аталған құжаттың негізгі мақсаты - 2045 жылға дейін терроризмсіз әлем және серіктес елдердің халықаралық коалициясын құру. БҰҰ басшылығы мен Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмге қарсы бөлімшелері, мүше-мемлекеттердің жүзден астам делегацияларының өкілдері Кодекстің өзектілігі мен маңыздылығын қолдады.
Төрағалық аясында Таяу Шығыс пен Кипр, Конго Демократиялық Республикасы, Колумбия, Дарфур (Судан), Батыс Африка және Сахель, Ливия, Мали, Сомали және Оңтүстік Судандағы жағдай және БҰҰ Орталық Азиядағы Превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының қызметі бойынша жоспарланған іс-шаралары (брифингтер мен консультациялар) сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің АҚШ басшылығымен кездесу үшін Вашингтонға сапары өткізілді.
2 қаңтарда өткізілген салтанатты түрде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі залының алдында өздерінің ұлттық туларын орнатқан алты мүше мемлекеттер – Кот-д’Ивуар, Кувейт, Нидерланд, Перу, Польша, Экваторлық Гвинея БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ресми қосылу рәсімі Қазақстанның төрағалығының ерекшілігі болды.
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде практикалық нәтижелерге қол жеткізуге және күн тәртібінде қарастырылған барлық мәселелер бойынша Кеңестің жұмысына конструктивті үлес қосуға ұмтыла отырып, бейтарап, ашық және транспарентті төрағалық етті.
Көптеген жаһандық және өңірлік процестерге қатысуын, медиация мен сенімділікті нығайтудағы белсенді ұстанымын ескере отырып, Қазақстан көпжақты дипломатия аясында барлық халықаралық ұйымдар мен мемлекеттерге бейтараптылығы мен тиімді теңдестірілген тәсілімен белгілі адал келістіруші ретінде әрекет етуді жалғастырады.
Қазақстан Республикасы мен Президентіміздің беделінің жоғары болуына байланысты қазақстандық делегация бастамашылық еткен іс-шаралардың табысты өткізілуі және олардың нәтижелері бойынша қорытынды құжаттардың қабылдануы еліміздің келісімшарттық әлеуеті мен бітімгерлік әлеуетінің өзектілігін, сондай-ақ қазіргі заманғы әлемнің ең өзекті мәселелерін шешуге қатысты тиімді тәсілдерін көрсетті.