Қазақстан • 01 Ақпан, 2018

Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты болды

647 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты болды

Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед 12 желтоқсан 1960 жылы ҚХР, Шәуешек қаласында туған.

1982 ж. - Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі ҚазҰУ) бітірген.

1982-1992 жж. - «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясының ғылыми редактор, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы бас редактордың орынбасары.

1992-1999 жж. - «Атамұра» корпорациясының президенті. Бұған қосымша 1994-1995 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, профессор міндетін атқарушы (Алматы).

1995 жылы «Қазақстанның ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік тарихының проблемалары» (революцияға дейінгі орыс энциклопедиялары бойынша) деген тақырыпта кандидаттық диссератция қорғады.

1999 жылы «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

1999-2001 жж. - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығарушылық және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитет хатшысы, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.

2001 жылғы 31 мамырда Жоғарғы аттестациялық комитеттің шешімімен құқықтану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

 2001-2003 жж. - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі.

2003-2006 жж. - ҚР Президентінің кеңесшісі, Баспасөз хатшысы.

2006-2007 жж. - ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Президенттің Баспасөз хатшысы.

2007-2008 жж. - Қызылорда облысының әкімі. Бұған қосымша 2008 жылдың наурызында ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды.

2008-2010 жж. - ҚР Мәдениет және ақпарат министрі.

2010-2012 жж. - ҚР Мәдениет министрі.

2012-2013 жж. - ҚР Мемлекеттік хатшысы.

2013-2014 жж. - ҚР Мәдениет және ақпарат министрі. 2014 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2015 жылғы Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың (РҚШ) жетекшісі болды. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (Астана, 2014-2016).

 2016 жылғы мамырдан 2018 жылдың ақпан айына дейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.