10 Ақпан, 2010

ENRC ДРАЙВЕРЛЕРІН ЖАҢАРТУ ҮСТІНДЕ

1170 рет
көрсетілді
20 мин
оқу үшін
Шетелдік активтерді сатып алу қазақстандық әлеуетті дамытумен қатар жүруде Қазақстандық шикізат холдингі Eurasіan Natural Resources Corporatіon (ENRC) “ВВ+” және Standard& Poors”-тен “В” қысқа және ұзақ мерзімдік несиелік рейтингін иеленгеніне екі айдың жүзі болып қалды. 2009 жылдың 4 тоқсанының қорытындысындағы Camecке салымын Deutsche Bank “тосын жағымды фактор” ретінде атап көрсету үстінде. Бұл 3 және 4 тоқсан аралығындағы корпорацияның өте жоғары өндірістік көрсеткіштерін сараптау арқылы анықтап отыр. Бұл ENRC тобы менеджментінің дағдарысқа қарсы және дағдарыстан кейінгі қадамдарының орнықтылығын дәлелдейтін екі-ақ факті. Кира Иванова. Агенттік таратқан хабарламадағы кел­тірілген S&P-дің несие бойынша сарапшысы Алекс Херберттің пікірінше, рейтингтер бойынша “Тұрақты” болжамын ұсына отырып, өз сенімділігімен бөліседі. Тіпті қатты қысылтаяң қаржылық жағдай болған күннің өзінде ENRC Қазақстан Үкіметінің қолдауын күтпей-ақ өз күшімен жағдайдан шыға алады деп болжаған болатын. Пікір иесі S&P “ВВ+” деңгейінде бағалаған топтың жеке несиелік қабілетін негізге алып отырған секілді, оған қоса Қазақстан Үкіметінің компанияның акциясының миноритарлық пакетіне иелік ететіні ескерілген. Естеріңізде болса, ел Үкіметі ENRC тобы акциясының 11,7 пайыздық үлесін тікелей иеленеді. Ал жанама түрде қазақстандық өндіруші “Қазақмыс” тобының 15 пайыздық акция пакетін иелену арқылы топтың жалпы 26 пайыз акциясына иелік етеді. Дегенмен халықаралық рейтингілік агент­тіктер мен топтар ENRC-дің активтерінің басым бөлігі Қазақстан жерінде тұрақтап қалу болашағын түрліше қарастырады. Егер S & R республиканың әлсіз банк секторын жағымсыз фактор деп есептесе, UBS Unіon Bank of Swіtzerland кәсіпорынның бұл тәуе­кел­ділікпен тиімді жұмыс атқара алу қабі­летін мойындап, оның активтерінің әлеуеті 28 пайызға өсуі мүмкін деп болжайды. Дегенмен негізгі басымдық ENRC-дің халықаралық деңгейдегі активтеріне беріледі, өйткені олар “маневрлік пен кең ауқымды” қамтамасыз ете алады. Алайда бұл екі топ ENRС тобы жариялаған өсу стратегиясы, одан әрі негізгі шығындар және актив сатып алу мүмкіндігінен қорытынды жасай отырып, корпорацияның қаржылық икемділігі туралы пікірлері бір арнаға тоғысады. Ernst & Yong-ның 2009 жыл соңындағы қорытынды мәліметтері бойынша, әлемдік рыноктағы жұтылу мен қосылу (M&A) жуық уақытта жанданбақ көрінеді. Бұл кезде бір топ компаниялар тиімсіз, салалы емес немесе мәселелі актив­терден құтылып қалуға әрекет­тенетін болады. Ал сол уақытта кімде қажетті ре­сурстар болатын болса, солар ры­ноктағы өз ор­нын нықтап алу мүмкіндігін пай­даланып қалудан тартынбайды. E&Y Пипа Мак­крости келісім­шарты жөнінде кеңес берудің ха­лықаралық тәжірибесінің төрағасы орын­басарының пікірінше, “капитал оңай қол жетімді және арзан болудан қалғандықтан, ендігі жерде кім көрінген активті сатып алу мүмкіндігіне ие болудан қалады”. ENRС тобы өзінің жақсы баланстық көр­сеткіштеріне және жоғарыда айтып өтке­ні­міздей жоғары рентабельділігінің арқасында сол активтерді сатып алу мүмкіндігіне ие “көптің бірі емес” тізіміне еніп отыр. 2009 жылдың төртінші тоқсанында сол жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда барлық топтың өндіріс көлемінің ұлғаю тренді нығайып, беки түскен. Deutsche Bank сарапшылары “тоқсан тоқсанға” қатына­сындағы өсімді (жоғарылауды) кәсіпорын үшін талассыз плюс деп есептейді. ENRС-дің таратқан мәліметтері бойынша, ферро­қорытпа және темір рудасы бөлімшелеріндегі өндіріс көлемі іс жүзінде толық қуатын қолдану деңгейіне дейін қалпына келтірілген. Алюминий және глинозем бөлімшелерінде алюминий өндірудің көлемін өсіру байқалады (Қазақстандық электролиз зауытының екінші фазасына старт берілді). Энергетика бөлім­шесінде электр энергиясын және көмір өнді­рісі өскен. Мысалы, жер қойнауынан 5,995 млн.тонна көмір алынса (11 пайызға көбей­ген), электр энергиясы 3 566 ГВтч өндірілген (23,9 пайызға артқан). Сәйкесінше ішкі және сыртқы тасымал көлемі ұлғайған. Темір жолмен тасылған тауар көлемі 16,419 млн.тоннаға жетіп отыр. Бұл өткен жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 28,2 пайызға артық. CAMEC активін сатып алған соң компания тобының қызметіне мыс және кобальт өндірісі енді. Мыс рудасын өндіру (қатардағы) 215 мың тоннаға жетсе, катодтық мыс 2 771 тонна өндірілген. Кобальт руда­сынан 169 мың тонна, ал кобальт концен­тратынан 1 297 тонна алынған. ENRС тау-кен холдингі өзінің Қазақ­стандағы активтеріне үлкен маңыз беруде. 2009 жылы 10 желтоқсанда өткен тау-кен және металлургия қызметкерлерінің ІІ съезінде ENRС-дің бас атқарушы директоры Феликс Вулис 2010 жылдың 2 тоқсанында Павлодар облысындағы Қазақстандық электролиз зауытының 2 кезегі сапқа қосы­латындығын хабарлады. Оның қуаттылығы – 125 мың.тонна. Енді екінші кезеңі күш алуда. Компания аталмыш кәсіпорын базасында ішкі өндіріске арнап жеке анод өндірісін құрып, калцийленген соданы шығаруды жоспарлап отыр. Өйткені олар қазіргі күні Қытайдан әкелінетін анодқа, Ресейден тасылатын сода импортына тікелей тәуелді болып отыр. Қазақстандық электролиз зауыты толық іске қосылған кезде алюминий өндірісі 2 есеге өсіп, нәтижесінде зауыт импорттық тәуелділіктен құтылмақ. ENRС-дің тау-кен саласындағы болашақ консолидатор рөлі туралы да сарапшылар қызықты пікір айтады. Мысалы, Cіtіgroup компания жеткілікті түрде жылдам әрі мықты балансқа ие деп ойлайды. Бұл оған рынок талаптарына сай жобаларды жүзеге асыруды жылдам қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретін көрінеді. Ал республикалық тау-кен және металлургия кәсіпорындарының ассоциация­сы­ның атқарушы директоры Николай Ра­достовецтің айтуынша, кәсіпорынды тұтас­тандыратын бастау тәжірибелі менеджерлер командасы болса, ол топтың “әлемдік дең­гей­дегі жетекші диверсификациялық тау-кен өндіріс компаниясы” ретінде қалыптасуына алғышарттармен беки түспек. Сондай-ақ, Ра­достовец мырзаның айтуынша, егер ком­пания терең жер қыртыстарына инвестиция салатын болса, Қазақстан Үкіметі бизнесті дамытуға қоятын талаптарын сақтайтынына сенімділік білдіруге көмектеседі. Ал бизнес, ENRС тобы секілді өз кезегінде қаржылық жауапкершілікті мойынына алатын болады. Бірінші және екінші жағдайларда да реинкарнацияланған арнайы экономикалық аймақтар көмекке келеді. Сарапшылар оның шеңберінде жердің терең негіздеріндегі өндіріс үлесін ұлғайту оңайырақ болады деп есептейді. Мысалы, ірі металлургиялық кәсіпорындардың төңірегінде салалық бағыттағы сателлит-компаниялар оңай ұйымдаса алады. Николай Радостовец мырза Павлодарда салынып жатқан Қазақстандық электролиз зауытының аумағында СЭЗ қалыптастыруға және бүгінде тұтынушылар сырттан әкеліп жүрген алюминий бұйым­дарын өндіру цехын ашуға әбден болады деп есептейді. Корпорация менеджменті бүгінде Қа­зақстанда орналасқан кәсіпорындарындағы өндіріс қуатын арттыра және қорларын ке­ңейте әрі дамыта отырып, жоғары тиім­ділікті өндіріс принциптерін нақты ұстауға ниет­теніп отыр. Бұл орайда ENRС тобы ба­сым­дылықты корпоративтік жауапкер­шіліктің жоғары стандарттарын ұстануға, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтауға беріп отыр. Корпоративтік әлеу­меттік жауапкершілікке байланысты мін­деттерді орындау үшін жыл сайынғы шығын 30 млрд. теңгені құрап отыр (әлеуметтік бағдарла­маларға арналған шығындар (әлеу­меттік пакет, әлеуметтік саланы қаржылан­дыру, бі­ліктілікті арттыру және оқыту, қайы­рым­дылық және демеушілік), денсау­лық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қорғау экологиялық бағдарламаларды қаржылан­дырып келеді. “ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ” МЕН “ХАЛЫҚ БАНКІНІҢ” БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА Қазақстандықтардың әлеуметтік жағдай­ын жақсартып, әл-ауқатын арттырудағы басты қадамдардың бірі – оларды баспана­мен қамтамасыз ету екендігі айдай ақиқат. Ал, тұрмысқа қолайлы баспанаға деген сұ­раныс деңгейі бүгінгі таңда біршама жоғары, оның өзіндік себептері де жеткілікті. Аны­ғырақ айтқанда, уақыт өткен сайын өсіп-өркендеп, керегесі кеңейіп, шаңырағы биік­теп келе жатқан ел тұрғындарының саны да көбейе түсуде. Бір құптарлығы, соған орай мем­лекет халықтың тұрмыстық жағдайын жақ­сарту бағытында бірқатар іргелі бағдар­ламаларды қолға алып, жүзеге асыруда. Бұл орайда Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің халыққа берер пайдасының орасан екенін атап айтқан жөн. Аталған жүйе табысы тым жоғары болмағанымен, тұрақ­тылығымен ерекшеленетін тұрғындар үшін өте қолайлы. 2003 жылы негізі қаланған “Қазақстан­ның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” өз клиенттеріне көрсететін қызметінің сапасы арта түсуде. Қаржы институтының осы уақытқа дейін салымшылармен 245,5 млрд. теңгені құрайтын 157 мыңнан астам келісім-шарт жасауы соның айғағы. Қандай істе болсын серіктестік пен әріптестіктің, бір сөзбен айтқанда, ынтымақтаса әрекет етудің табысқа қосар үлесі зор. Банктің қуатты әріп­тестерінің бірі – “Қазақстан Халық банкінің” еліміздің барлық қалаларында филиалдар жүйесі, есептеу-кассалық бөлім­дері және банкоматтары жүйелі жұмыс істеп, халыққа мінсіз қызмет көрсетуде. Атап ай­тар­лығы, екі банктің арасындағы ынты­мақтастықтың алғашқы кезеңі – “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” салымшыларына тұрғын үй жинақ жүйесіне төлемдермен жарналарды қабылдауға арналған “Халық банкі” терминалын пайдалану, банкоматтар қызметін кеңейту қарастырылды. Бұл қызмет Алматыда басталып, содан соң оған барлық облыстық, қалалық және аудан орталықтары қол жеткізді. Ендігі жерде, “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі” өз есеп шотына төлем жасау үшін міндетті түрде банктің өкілдігіне барудың керегі жоқ. Банкоматтың көмегімен төлемді өтеп, осы әрекетіңізді айғақтайтын арнаулы чек алып, сақтап қойсаңыз болғаны. Төлем жасаудың жаңа әдісі салымшылар тарапынан жоғары бағалануда. “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі” “Халық банкі” банко­маттары арқылы жүзеге асырылған клиенттер төлемдерінің көлемі өткен жылы 102 мил­лион теңгеден асты. Оның 90 миллионнан астамы салымдарды толтырса, қалған бөлігі алған заемы бойынша өтем жасағандар. Оған таңданудың реті де жоқ, өйткені, республика аумағында түгелдей дерлік орналасқан банкоматтар тұрақты түрде қызмет көрсетеді. Олар уақыт талғамайды, яғни жылдың 365 күні түгелдей дерлік клиенттің игілігіне жұмсалуда, банкоматтар тіпті мереке күндері де жұмыс істейді. Бірлескен жобаның екінші кезеңі – “Халық банкінің” “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне” арнаулы бағдарламаны енгізуі мен пайдалану аралығын қамтиды. Мұның өзі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы келісім-шарттар жасауға, оған өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, серіктес банктің бөлімшелерінде заем алуға қажетті құжаттар топтамасын жинақтауға да жағдай жасалады. Дегенмен, мұнда ескеретін бір жәйт, заем беру және клиенттің төлем қабілетін растау мәселесі “Тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкінің” құзырында қалады. “Халық банкі” бөлімшелері арқылы рәсімделген келісім-шарттарға бұл жүйенің барлық артықшылықтары тиесілі, яғни еліміздегі несиенің ең төменгі мөлшер­ле­месі, жинақтау кезеңіндегі банк пайыздары мен мемлекеттің жыл сайынғы сыйақысы, келісім-шарттың ыңғайлылығы және басқалар. Екі банктің арасындағы әріптестік “Халық банкінің” бұрынғы басқарма төрағасы Григорий Марченко бұдан бірнеше жыл бұрын “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде” өз ұлының атына жинақтау есеп шотын ашқан кезде басталған еді. “Алдымен, қалыптасқан жағдайды асықпай сарапқа салу қажет. Егер баспана алуға ниетті адамның кіріс деңгейі тұрақты жоғары, оған қоса алғашқы жинағы болса, ипотекалық несиеге үміт арта алады. Керісінше, жинаған қоры жоқ, бірақ тұрақты кірісі бар болса, онда “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне” қайрылғаны абзал” - деген еді сонда Г.Марченко, банк жүйесі туралы өз ойын ортаға салып. “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” салымшысы атанудың жолы оңай, барлық облыстарда банк филиалдары бар. Бір құптарлығы, тұрғын үй заемдары туралы сауалдарға банк менеджерлері салмақты жауап қайтарып, “Халық банкі” пен “Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкінің” әріптестігі нәтижесінде іске асып жатқан қызмет түрлерінің қолайлылығын түсіндіріп береді. Мұның басты мәні банк алдымен, клиентке сапалы қызмет көрсетіп, сұранысын қанағаттандыруды көздейді. Қорыта айт­қанда, “Халық банкінен” бірлескен жоба “Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ клиенттерінің мүмкіндігін арттыруға игі ықпал етпек. Қосымша ақпаратты “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-тан алуға болады: Алматы 279-25-55, 377-18-45, Қызылорда 26-26-64, Көкшетау 25-63-04, Талдықорған 24-79-72, Тараз 42-58-60, Шымкент 21-33-62, Павлодар 34-08-99, Өскемен 47-54-72, Қарағанды 43-62-52, Қостанай 53-38-20, Орал 54-36-36, Атырау 32-04-00, Ақтау 43-96-91, Астана 40-72-77, 36-19-07, Ақтөбе 55-72-21, Петропавл 42-79-94, Семей 52-22-90 немесе www.hcsbk.kz Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы. АУЫЛ МЕН ҚАЛАНЫҢ  АҚПАРАТТЫҚ ТЕҢСІЗДІГІН ЖОЮ “ҚАЗАҚТЕЛЕКОМҒА” ЖҮКТЕЛГЕН АМАНАТ Дүйсенбі, яғни 8 ақпан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақтелеком” АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдағаны белгілі. Ақордада есеп берген ұлттық байланыс операторының жетекшісі Мемлекет басшысын 2009 жылғы жұмыс қорытындыларынан хабардар етті. Егер еліміз бүгінде тәуелсіз және бәсекеге қабілетті телекоммуника­циялық желісі бар мемлекет болса, онда ұлттық операторымыздың ты­нымсыз атқарып жатқан шаралары үлкен рөл атқарады. Дағдарыс дү­ние жүзінің алпауыт компанияларына ауыз салып, дағдартып жатқанда, өткен жыл “Қазақтелеком” үшін күрделі болса да табыссыз болған жоқ. Ұдайы алға ұмтылған компания мегаполис қалалар мен түкпірдегі елді мекендер арасындағы ақпарат­тық теңсіздікті жою үшін нақты жобаларды іске асырып жатты. Осындай біткен толайым тірлік­тер туралы Елбасына баяндаған Ас­қар Жұмағалиев есепті кезеңде тіркелген абоненттік желілер саны 3 миллион 600 мың бірлік болғанын мәлім етті. Яғни, өткен жылы ауқымды тірліктердің арқасында республикамыздың әр 100 адамына шаққанда телефон тығыздығы 23 нөмірден асқан. Ал интернет жүйесін пайдала­натындардың қатары 1,8 миллионға өскен, олардың ішінде 1 миллион 400 мың адам – кең жолақты ғаламтордың игілігін көріп отыр. Бұл 2008 жылғы көрсеткіштен есе артық, яғни 215 пайызды құрайды. “Қазақтелекомның” қарқынды дамып отырғанын осындай салыс­тыр­малы сандармен дәйектеуге болады. Ауылдар мен қалалар арасындағы ақпараттық теңсіздікті жою үшін “Қазақтелеком” АҚ “WLL CDMA технологиясы арқылы ауылдық байланыстың телекоммуникациялық желілерін жаңғырту және дамыту” жөніндегі серпінді жобасын іске асырып жатқанын бұған дейін де БАҚ лайықты насихаттаған. Бүгінгі таңда CDMA-450 сымсыз байланыс желісі технологияларын арқылы алыстағы ағайын-туыстан хабар алып, дүниемен тілдесіп отырған елді мекендердегі абоненттер саны 245 мыңнан асқан. Бүкіл рес­пуб­ликамыздың түкпір-түкпірінде осындай 400 базалық станса орнатылды. Ең бастысы, Елбасына берілген есепте ұялы байланыс қызметі мен интернетке кең жолақты қосылуды одан әрі дамыту қалалық жерлермен қоса, ауылдарда қатар жүргізілуі керектігі талқыланды. Кәсіби тілмен айтқанда, CDMA-450 технологиясы арқылы кең жолақты қосылу жобасын жүзеге асыру ең түкпірдегі елді мекендердің өзінде байланыс жылдамдығын секөнтіне 256 Кбит-ке жеткізбек. Отандық телекоммуникациялық рынокта жетекші рөлге ие болып отырған компания өзіне артылған міндеттерді абыроймен атқарып, Орталық Азиядағы шешуші опе­раторлардың қатарына көтерілгені құптарлық. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.