Елордада жаңа туған әр нәрестеге бір түп ағаштан отырғызылатын болады

Астананың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Саналы Азамат» жобасы аясында 2018 жылдың соңына дейін «Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан» атты экологиялық акцияны өткізеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Егемен Қазақстан
04.02.2018 5296
2

2018 жылдың алғашқы күндерінен бастап елорданың денсаулық сақтау нысандарының перзентхана бөлімдері дүние есігін ашқан нәрестелерге ішінде отырғызылған ағаштардың сызбасы мен құттықтау буклеттері бар конверттерді табыстауда. Астананың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу мен денсаулық сақтау басқармалары бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан» акциясы қоғамды қоршаған ортаны қорғауға, тарихи дәстүрді сақтауға шақыруды, экологиялық білімді іс жүзінде насихаттауды, өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға, салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілік сезімін оятуды, қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруды, жастарды ел игілігі үшін игі істер жасауға шақыруды көздейді.

Экологиялық акцияны ұйымдастырушылардың ақпаратына қарағанда, елордада туған нәрестелердің құрметіне отырғызылған көшеттер «Астана қаласының жасыл белдеуінің» аумағында орналасса керек. 

«Экологиялық науқанға дайындық 2017 жылы басталды. Оның аясында құттықтау хаттарын, нөмірлері бар ағаштардың орналасу схемаларын әзірлеу, «Астана қаласының жасыл белдеуінің» аумағында 4-5 жыл бұрын отырғызылған биіктігі бір метрге жуық көшеттер бар учаскелерді анықтау сияқты қыруар жұмыс атқарылды. 

1 ақпандағы жағдайға сәйкес жасыл белдеудің орындау сызбасы бойынша «Қарқаралы» тас жолы жағынан орналасқан «қарапайым шегіршін» көшеттері бар біріншіден жетіншіге дейінгі ықтырмалар анықталды. Экологиялық акцияға барлығы 35 ықтырма бөлінді», - деп мәлімдеді Астананың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында. 

Айта кетейік, «Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан» акциясының басынан Астана қаласының №1, №2, №3 Перинаталды орталықтарында дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына 1704 құттықтау хаты тапсырылды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

Қ.Әбдірахманов: «Ұлы даланың жеті қыры» әлем мәдениетін жақындастырады

21.11.2018

Павлодарда археологтар біздің заманымызға дейінгі 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан

21.11.2018

«Ақтөбе» футбол клубы сенімді басқармаға берілді

21.11.2018

Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды

21.11.2018

Такир Балықбаев: Жаңа еңбек жаңаша ой салды

21.11.2018

Ақтөбеде кәсіп бастағысы келетін жандарға кеңес берілді

21.11.2018

Мәулен Әшімбаев: Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі

21.11.2018

Chartbeat жобасы аясындағы байқау жеңімпаздары ашық деректер панелін құрады

21.11.2018

Жапония мен Грузия дзюдошылардың қарқыны күшті

21.11.2018

Дархан Кәлетаев: Ұлы даланың ұлағаты

21.11.2018

Португалияда Дәрежан Өмірбаев фильмдерінің рестроспективасы өтіп жатыр

21.11.2018

Шымкентте дәрігерлер тұрғындарға арнайы медициналық көмек көрсетті

21.11.2018

Израильдегі халықаралық турнирде Маңғыстаулық гимнасшылар 8 медаль иеленді

21.11.2018

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұшақ ер адамды қағып кетті

21.11.2018

«Туған жерге тағзым» жобасы Түркістаннан басталды

21.11.2018

Елбасы: «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға мүмкіндігіміз бар

21.11.2018

Алмасбек Әбсадық: Мазмұны терең ой-толғам

21.11.2018

Ертең бокстан шешуші сайыстар басталады

21.11.2018

Маңғыстауда 171 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

21.11.2018

Б.Көшімбаев: Рухани жаңғырудың қайта түлеген жалғасы көңілімізді демдеп отыр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу