Аймақтар • 05 Ақпан, 2018

Газ тарифі неге әртүрлі?

432 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде газ, электр энергиясы тарифтеріндегі айырма­шы­лық кейбір өңірлерге артық салмақ салуда. Нақ­ты айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысында тариф­тердің құны өте жоғары деңгейде. Бұл облыстағы халықтың әлеуметтік жағдайына, шағын, орта және ірі бизнестің дамуына кері әсерін тигізіп, өндірістің дамуын тежейтін фактор болып отыр.

Газ тарифі неге әртүрлі?

Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысындағы та­би­­ғи газ тарифі 2017 жыл­дың 1 шілдесінен бастап бір мың текше метрге жеке тұлғалар үшін – 34 475,20 теңге, заңды тұл­ғалар үшін – 36 103,97 теңге, жылу энергиясын өндіретін заңды тұлғалар үшін – 25 148,26 теңге болып белгіленген. Ал Ақтөбе об­лысында жеке тұлғалар үшін осы тариф – 8,4 мың, Маң­ғыстау облысында – 9,4 мың, Қызылорда облысында – 19,9 мың, Жамбыл облы­сында – 26,1 мың теңге. Бір елде отырып осынша көп айырмашылыққа жол берілуінің өзі көп сұрақтар туындатады. Біздің Оңтүстіктің та­рифі көршілес Өзбек­стан­да­ғыдан тіпті 3 есе артық.

Электр энергиясы та­риф­­­терінің де айырма­шы­­лығы үлкен. Ал орташа жалақы мөлшерінің дең­гейі Оңтүс­тік­те басқа облыс­тар­мен салыс­тыр­ған­да тө­мен дең­гейде қалып отыр. Мә­се­лен, ол ОҚО-да 98,9 мың теңге болса, БҚО-да 136,3 мың, ШҚО-да118,6 мың, Қызылордада 117,9 мың тең­гені құрайды.

Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы эко­­­но­микалық жағы­нан бел­­сен­­ді халықтың жұ­мыс­пен қам­тыл­­ғаны 42,2%-ды құ­ра­са, ал күн­­көріс дең­гейі­нен төмен та­бы­­сы бар тұрғындар 31,3%-ды құрайды.

Республикамыздағы шағын және орта бизнестің ең үлкен үлесі – 15,3 % Оң­түс­­тік Қазақстан облысына ти­есілі екенін ескерсек, та­риф­­тердің өсуі халықтың ең тығыз орналасқан өңірі өн­дір­ген тауарлардың өзін­дік құнының жоғары болуына, бәсекеге қабілеттілігінің тө­мен­деуіне, өңірге инвес­тор­­лардың келуін азайтуға және жеке кәсіпкерлердің бас­қа өңірлерге ауысып к­е­туіне әкеліп соғуда.

Осыған байланысты біз Премьер-Министр Бақытжан Са­ғынтаевтың атына депу­тат­­тық сауал жолдап, Оңтүс­тік Қазақстан облысын таби­ғи газбен қамтамасыз етудегі ерек­­шеліктерді ескере отырып және өңірлер арасында газ, электр энергиясы тариф­те­ріндегі бағалық айыр­ма­шы­лықты төмендету мақ­са­т­ында елімізде бірыңғай орта тариф енгізу мәселесін қа­рас­тыруды сұрадық. Бұл Оңтүстік өңірдің эконо­мик­а­лық дамуына оң ықпал ететін үлкен фактор болар еді деп санаймыз.

Әлімжан ҚҰРТАЕВ,

сенат депутаты