Келіссөздер Астана мен Афина арасында екіжақты ынтымақтастықтың барлық кешені бойынша өзара түсіністікті растады. Бірлескен жұмыстың перспективалық бағыттары анықталып, экономикалық және инвестициялық өзара әрекеттестікті тереңдету жобалары қарастырылды.
Еуропалық одақтың Қазақстан азаматтары үшін визалық режімді жеңілдету мәселесіне де назар аударылды. Тараптар визалық рәсімдерді оңайлату Еуроодақ пен Қазақстан арасында іскерлік, білім, мәдени және туристік байланыстарды кеңейтуде өзара мүдделерге сай келетінін бірауыздан мақұлдады.
Халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша кеңінен пікір алмасылды, соның ішінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметі, Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана процесі, Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы өзара әрекеттестіктің перспективалары және т.б. бағыттар бар.
Сапар шеңберінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов пен Георгиос Катругалостың қатысуымен екі елдің 100-ге жуық кәсіпкерлерін біріктірген Қазақстан-Грекия бизнес-форумы өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен «SEV» Грекия кәсіпорындары федерациясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Сонымен қатар Г.Катругалостың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаевамен және «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовпен кездесулері өтті.
Г.Катругалос Қазақстанның Митрополиттік аймағының әкімшілік орталығы мен Успен кафедралды соборына барды. Оларды аралау барысында грекиялық мейман Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен салынған құрылыстың тарихымен танысты. Грекия Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары еліміздің ұлтаралық бейбітшілік пен дінаралық келісімді нығайту бойынша жетістіктерін жоғары бағалады.
Айта кететін болсақ, 2017 жылы Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 10,6% өсті (980,6 млн долл.)
Қазақстаннан Грекияға негізгі экспортталатын өнімдер көмірсутегі, дәнді дақылдар, тұз, топырақ, тас, гипс, цемент, мыс және т.б. болып табылады.
Өз кезегінде, Грекиядан Қазақстанға химиялық және металлургиялық өнеркәсіп өнімдері, пластик, тон және тоқыма бұйымдары, аяқ-қиім, механизм мен жабдықтар, электронды материалдар, велосипед және т.б. импортталады.