Әлем • 06 Ақпан, 2018

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа ширек ғасырдан астам уақыт болды

1035 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың жолға қойылғанына ширек ғасыр болды. Сыртқы істер министрлігі осы оқиғаға қатысты жасалған бірлескен мәлімдемені жариялады. 

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа ширек ғасырдан астам уақыт болды

2018 жылғы 2 ақпанда Еуро­па­лық одақ пен Қазақстан Рес­пуб­ликасы арасында дипло­матия­лық қарым-қаты­нас­тар­дың орнағанына 25 жыл тол­ды. Осы күннен бастап екі тарап арасын­да тығыз әрі өзара тиімді ынты­мақтастық қалып­таса бас­тады. 

Ширек ғасыр ішінде Еуро­палық одақ пен Қазақстан ара­сында қарым-қатынастың берік шарттық-құқықтық базасы құрылды. Оның іргетасы 2015 жылғы 21 желтоқсанда қол қо­йыл­ғ­ан ЕО мен ҚР арасындағы К­е­ңей­­тілген әріптестік және ын­ты­мақ­тастық келісімі болып табылады.

2016 жылғы 1 мамырдан бастап жартылай қолданысқа енген бұл құжат екіжақты қа­рым-қатынастың жаңа кезең­ге бет алғанын көрсетеді және халық­тарымыздың игілігі үшін көптеген салалардағы ынтымақ­тастықтың құқықтық негізін елеулі кеңейтті. Қазақстан ЕО-мен осындай Келісімге қол қой­ған Орталық Азияның тұң­ғыш мемлекеті болды.

Келісім Қазақстан мен Еуропа арасындағы ұзақ мерзімді байланыстарды қарқындату­дың локо­мотиві болуға арналған. Құжат сауда, экономикалық және ин­­­вестициялық ынтымақ­тас­т­ық үшін қолайлы жағдайлар жа­сауға, сондай-ақ саяси және адам құқықтары сала­сындағы диалогты кеңейтуге бағытталған.

Еуропалық одақ пен Қазақ­стан Орталық Азия бойынша ЕО Стратегиясының іске асырылуы­на бірлесе қолдау білдіруде. Адами капиталды дамыту, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын ұтымды пайдалану, өңірдің тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылымын қалыптастыру, қауіп-қатерлерге қарсы күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр.

Еуропалық одақ пен Қазақ­стан одан әрі ортақ құнды­лық­тарға негізделген өзара іс-қимыл жасау үшін зор әлеует­тің бар екендігіне сенімді және әріптестік пен ынтымақ­тас­­тық­тың барлық нысандарын дәйекті жетілдіруді жалғас­тыру­ға дайын екенін білдіреді.

«Егемен ақпарат»