Қазақстан • 06 Ақпан, 2018

«Тәуелсіздік дәуірі». Жастарға серпін беретін туынды

755 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өткен жұмада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зи­денті – Елбасы кітап­ха­на­сы Қазақ ұлттық аграрлық уни­вер­ситеті белсенді сту­дент­те­рінің қатысуымен «Тәуелсіздік және жастар» онлайн-дөңгелек үс­телін өткізді. 

«Тәуелсіздік дәуірі». Жастарға серпін беретін туынды

Іс-шара жастар­ды Мемлекет басшысының «Тәуел­сіз­дік дәуірі» атты кіта­бымен та­ныстыруға және Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» атты халыққа Жол­дауын талдауға бағытталды.

ҚазҰАУ тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Жанар Дәуренбаева дөңгелек үстелді аша отырып, іс-шараның университет жастарын Қазақстанның қалыптасу және даму кезең­дерімен толыққанды таныстыру мақсатына негізделгенін атап өтті.

Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова онлайн үлгіде Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын көпшілік назарына ұсынды.

– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аталмыш кітабы – тарихи публицистика үлгісінде жазылған іргелі еңбек. Ол тү­сі­нуге жеңіл тілде жас, егемен мем­ле­кет­тің 26 жыл ішінде бастан кешір­ген құ­рылу кезеңдерін сипаттап, күрделі сын сәт­терін баяндайды. Тәуелсіздік тари­хын түсіндіре отырып, Елбасы мемл­е­кет пен қоғамға нақты талдау жасай­ды. Беттерді кезек-кезегімен мұқият оқы­ған адам елімізде қысқа уақыт ішін­­де жүз жылға татитын өзгерістер мен ре­­фор­малардың орындалғанын түсі­не­ді. Бұл жетістіктер Президентіміз бас­­­­­таған қазақстандықтардың үлкен же­­­­ң­і­сі. Елбасы тарихымыздың күрделі ке­­­­зең­­дерін сипаттай келе, серпіліс үшін Қазақ­станның дағдарысты ұтымды пай­даланғанын айтып жас ұрпақты қа­нат­тандырады. Елімізді ғана емес, күл­лі әлем­д­і ойландырған мәселелер де бү­гінгі серпіліс үшін қолданылды. «Қазақ ба­ры­сының» күші мен ерек­ше­лігі де осы. Мұның бәрі Елбасы кіта­бында белг­і­лен­ген, – деді Ботагөз Мұтта­хи­денқызы.

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында белгіленген негізгі он мін­детті түсіндіру мақсатында «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Меруерт Мұқанова, «Жас Отан» Жастар қа­наты Алматы қала­лық филиалының тө­р­ағасы Мәди Ахметов, ҚазҰАУ «Руха­ни жаңғыру» гума­ни­тарлық зерттеулер орталығының жетек­шісі, академик Ханкелді Әбжанов сөз сөй­леді. Дөңгелек үстел барысында профессорлар мен оқытушылар, белсенді студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Шараны қорытындылаған Жанар Дәуренбаева жастар үшін мемлекеттің даму тарихы маңызды екенін алға тарт­ты. Осы тұста Елбасының еңбегі мем­ле­кет­тіліктің қалыптасуында жауапты рөл ат­қарып, Қазақстан кадрларын дайындау жүйе­сінің бағдарламасынан орын табаты­ны айтылды.

Дөңгелек үстел қатысушылары Прези­дент­­тің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын бүгінгі әлемде өмір сүруге қажетті жол-бағдарға теңеді.

«Егемен-ақпарат»