Аймақтар • 06 Ақпан, 2018

Бурабайдағы зауыттың биоотыны көмірден кем түспейді

208 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бурабай ауданында ағаштың ұнтақталған жаңқасынан экологиялық қауіпсіз биоотын өндіретін зауыт іске қосылды. Бұл істі жергілікті орман шаруашылығымен айналысатын «Орманды аймақ» ЖШС қолға алып отыр. 

Бурабайдағы зауыттың биоотыны көмірден кем түспейді

Ағаш қалдықтары демекші, жақында бір украиналық өнертапқыш ағаш жаңқасын жағу арқылы жеңіл автокөлік қозғалтқышын іске қосатын құрылғы ойлап тапқаны жө­нін­де бір қызықты ақпаратты ес­тідік. Бір салғаннан елу ша­қырымды ең­серетін әлгі ав­то­­көлік иесіне таң­дай қақ­қа­ны­мыз да рас. Сөйтсек, өнер­тап­қыштар өзіміз­де де жетіп артылады екен.

Ағаш ұнтағын өндірістік көлемде өндіріп келе жатқан «Орман аймағы» ЖШС еліміз­де­гі экологиялық таза отын өн­діретін бірден-бір кәсіп­орын. Мұндай алғашқы зауыт Петропавл қаласында іске қосылыпты. Ал Бурабай ауданындағы зауыт тек 2017 жыл­дың соңында ашылған. Аз уа­қыт­та кәсіпорын 500 тоннаға же­тетін ағаш жаңқасын өндіріп үлгеріпті. Зауыттың жылдық қуаты 3000 тонна отын өндіруге жетеді екен.

Компания басшысы Андрей Петроченконың сөзіне қара­ған­да, ағаш қалдықтарын отын ретінде пайдалану Еуропа елде­рін­де, АҚШ-та, Жапонияда, Ре­сей­де кеңінен қолданылады. Да­­мы­ған елдерде ол өткен ғасы­р­-
дың орта шенінен бар екен.

– Ағаш жаңқасы – құнары жоғары отын. Оның пайдалы әсер коэффициенті 95 пайызға же­теді. Бұл ретте көмірдікі ша­ма­мен 50 пайыз болса, газ не­бәрі 30 пайызға пара-пар. Ол қымбат тұратын дизель отыны­ның тоннасын немесе сұй­ытылған газды алмас­ты­ра ала­ды, – деп атап өтті А.Пет­ро­ченко.

Қазіргі таңда бір тонна биоотынның құны 35 мың тең­гені құрайды. Компания басшы­сының айтуынша, ол әзір­л­еген отынға деген сұраныс күн сайын артып келеді. Эко­ло­гия­лық таза өнімнің еліміздің бас­қа аймақтарына ғана емес, сонымен бірге Қытай нарығына көптеп шығарылуы сөзімізге нақты дәлел болса керек. Оның үстіне баламалы отын өндіру жобасын жүзеге асыру құрыл­тай­шының өз қаржысы есебінен жүр­гізілуде. Ол зауыт салып, жұ­мы­сын жүргізуге 120 миллион теңге жұмсапты.

Елбасының биылғы «Төртін­ші өнеркәсіптік револю­ция жағ­дайындағы дамудың жа­ңа мүм­кіндіктері» атты халық­қа арнаған Жолдауында ХХІ ғас­ыр-
д­а әлемнің табиғи ресурс­тар­ға деген мұқтаждығы жалғасуда екен­дігі айтылған. Осы тұрғыдан алғанда «Орман аймағы» ЖШС сияқты кәсіпорындарға мем­лекет тарапынан қолдау көр­се­тіліп, ғылыми институттармен тығыз байланыстар орнату – уақыт талабы. Мемлекет пен жекеменшік серіктестігін арт­ты­­ру арқылы еліміз эко­но­­ми­ка­сын айтарлықтай алға жыл­жы­ту­ға болатынын уақыт­тың өзі дәлелдеп отыр.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы