06 Ақпан, 2018

Түлкібас ауданы тұрғындарының 96,4 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілген

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданы тұрғындарының 96,4 пайызы орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген.

Түлкібас ауданы тұрғындарының 96,4 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілген

Халық алдындағы есепті кездесуінде, аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков 62 елді мекеннің 59-ы, яғни 107 мыңнан астам халық таза ауыз сумен қамтылғанын мәлім етті. Ал қалған үш елді мекенге ауыз су тасымалданып жеткізіледі. Себебі, бұл ауылдар шалғайда орналасып, халық аз шоғырланғандықтан экономикалық жағынан тиімсіз болып табылған. Сондай-ақ, аудан әкімі жалпы өңірлік өнім өткен жылдың қорытындысымен 68,8 млрд. теңгені құрағанын атап өтті.

- Аудан көлеміндегі өнеркәсіп кәсіпорындары 22,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, осы сала бойынша барлық даму индикаторлары орындалды. Шағын және орта бизнесте 17 мың 200 адам жұмыс атқаруда, ал оларда аудан халқының 15 пайызы еңбек етеді. Бүгінде аудан бойынша белсенді кәсіпкерлік субъектілердің саны 6310 бірлікке жетіп, 7,3 пайызға өскен. Бұлармен өндірілген өнім көлемі 34,2 млрд. теңгені құраса, олармен төленген салық төлемдері 272,6 млн. теңгені құрап, 2,7 пайызға өскен, - деді Н.Тұрашбеков.

Шағын және орта кәсіпкерлік қарқын алған таулы аймақтың бау шаруашылығын дамытуға мүмкіндігі мол. Есепті кездесуге жиналған жұртшылық аудан әкімінің атқарған жұмысына оң бағасын берді.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»