Биыл керісінше өңір жұртшылығы қарға зар болып отыр. «Қазгидрометтің» облыстық филиалының 1 ақпандағы мәліметтеріне сүйенсек, өңірдегі қардың қалыңдығы бар-жоғы 25 сантиметрді құрапты. Бұл - жылдағы нормадан 1,5-2 есеге төмен. Өзендердегі су деңгейі де әзірге төмен. Алайда департамент мамандары биыл аймақта қар жұқа болғанымен жерде 40-тан 150 сантимерге дейін тоң жатқанын, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда тоңның 7 есе қалың екендігін көрсететінін айтады.
«Облыстағы 51 мың тұрғыны бар 85 елді мекенді су басу қаупі бар. Осы ретте департамент тасқынның алдын алудың жоспарын әзірледі. Қазіргі уақытта департаментте жеке құрамның 1032 адамы, 286 техника, 56 дана суға түсу құралдары, 58 мотопомпа көмек көрсетуге сақадай сай. Республикалық маңыздағы жолдар бойында шұғыл жағдайда медициналық көмек көрсету үшін 4 құтқару бекеті жұмыс істеп тұр. Аудандар мен қалалар да тасқынға тас түйін дайын. Жеке құрамның 4575 адамы, 2961 техника, 102 суға түсу құрылғылары, 85 мотопомпа кез келген сәтте жәрдем жасауға әзір», - дейді департаменттің ескерту бөлімінің басшысы Алексей Штыкель.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы