Қоғам • Бүгін, 13:45

Заң күшейді: Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар көбейді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылықтардың тізбесі заң жүзінде кеңейтілді. Қабылданған заң мемлекеттік қызметшілердің құқықтық кепілдіктерін жетілдіреді. Оның ішінде жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды қоса алғанда, тәртіптік жауапкершіліктің икемді тәсілдері мен негіздері белгіленеді, жауапкершілікті болдырмайтын мән-жайлар бекітіледі, деп жазады Egemen.kz.

Заң күшейді: Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар көбейді

Фото: gov.kz

Сондай-ақ мемлекеттік қызметкер жасаған теріс қылықтың ауырлығын, адамның кінәсін ескере отырып, тәртіптік жаза қолданудың екі айдан алты айға дейінгі сараланған мерзімдері белгіленеді, сондай-ақ оларды мерзімінен бұрын алып тастау қарастырылады.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметіне заңсыз араласудан, негізсіз айыптаулардан және өзге де құқыққа қайшы әрекеттерден қорғауға кепілдік беріледі.

Мемлекеттік қызметке іріктеу: 1 сәуірден бастап өтініштер онлайн қабылданады

Жаңа редакцияда Мемлекеттік қызметке кір келтіретін, оның ішінде лауазымдық өкілеттіктерін орындауға байланысты емес, бірақ мемлекеттік қызметтің қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін теріс қылықтар заң тұрғысынан айқындалады. Олардың қатарында есірткілік және психотроптық заттарды, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, сондай-ақ көлікті алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас күйде басқару бар. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілерді медициналық куәландыруға қойылатын талаптар белгіленеді.

ЖИ және мемлекеттік қызметтер: AlemGPT сервисінің мүмкіндіктері қандай?

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасалғанда, қызметтік әдеп нормалары бұзылған кезде тәртіптік жауапқа тарту туралы мәселені қарау үшін мемлекеттік қызметшілерді олардың келісімінсіз оқу демалысынан кері қайтарып алуға болады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер өздерін құмар ойындарға қатысудан шектеуге міндеттеледі.

Соңғы жаңалықтар