Өндіріс •

Қытайда шығарылған Toyota Corolla Қазақстан нарығына келді

1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жоғары сұранысқа ие Toyota маркасының Қытайда құрастырылған Corolla 1.8 Hybrid моделі сатылымға түсе бастады. Жаңартылған көлік сыртқы келбетімен қатар техникалық сипаттамалары бойынша да бірқатар өзгеріске ие болған, деп хабарлайды Egemen.kz

Қытайда шығарылған Toyota Corolla Қазақстан нарығына келді

Қытай нарығына арналған бұл модельді FAW-Toyota бірлескен кәсіпорны шығарады. Седан E210 платформасында жасалған. Сатып алушыларға екі нұсқа ұсынылады: 2,0 литрлік бензинді қозғалтқыш және 1,8 литрлік гибридті (1.8 Hybrid) нұсқа.

Несие шарты қатаңдаса, автокөлік бағасы арзандай ма?

Қазақстанға дәл осы 1.8 Hybrid моделі жеткізіліп жатыр. Ол 98 ат күшіне ие бензин қозғалтқышы мен электрмотордан тұрады. Жалпы қуаты 140 ат күшіне жетеді. Автокөлік 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа 9,2 секундта үдейді. Қалалық циклдегі орташа жанармай шығыны 100 шақырымға 3,5–4,1 литрді құрайды.

Жылына 70 мың автокөлік: KIA зауыты өндірісті күшейтті

Автокөліктің Қазақстан шекарасына дейінгі құны шамамен 8 млн теңге. Кедендік рәсімдеу шығындарына тағы 4 млн теңге қосылады.

Осылайша, көліктің сатып алушы үшін бастапқы бағасы шамамен 12 млн теңгені құрайды. Бұл сомаға ел ішіндегі жеткізу және құжаттарды рәсімдеу шығындары кірмейді.

АҚШ-та 2040 жылға қарай автокөліктерге сұраныс азаяды

 
Соңғы жаңалықтар