Қазақстан • 08 Ақпан, 2018

Конституциялық құндылықтар  - мемлекет пен қоғамды жаңғыртудың негізі

1298 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «Конституциялық құндылықтар  - мемлекет пен қоғамды жаңғыртудың негізі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы Виктор Малиновский және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ қатысты.

Конституциялық құндылықтар  - мемлекет пен қоғамды жаңғыртудың негізі

Шара барысында спикерлер 2017 жылғы конституциялық реформалардың іске асырылу барысы, көпұлтты мемлекеттің құндылықтар жүйесі ретіндегі конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету және Негізгі заңның рөлі, қоғамдық сананы жаңғыртудың құралы ретіндегі конституциялық патриотизмді қалыптастыру стратегиясы туралы, адам құқығын қорғау саласындағы қазақстандық конституциялық бақылау органының рөлі мен Елбасы Жолдауы тұрғысындағы оның алдағы жоспарлары және Негізгі заңның жаңа редакциясында Конституциялық кеңестің рөлін күшейту туралы баяндады.

Ү.Шапақтың айтуы бойынша заңға сүйене отырып, адамның өміріне қолайлы жағдай жасау, оның құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, адамның мүдделерін жоғары құндылық ретінде призма арқылы айырықша конституциялық түсіндіру міндеті оған жүктелгендіктен ол құқық қорғаушы мемлекеттік тетіктің маңызды элементі болып табылады.

 «Яғни адамдардың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық деңгейге жеткізу дегеніміз – олардың кепілдігін мемлекет өзіне алатындығын көрсетеді. Сондықтан бұл кепілдікті ары қарай нығайту мемлекеттің алдына Президентіміз қойып отыр», деді ол.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы Виктор Малиновский Конституциялық Кеңеске қазіргі таңда 190-нан астам өтініштің, соның ішінде,Мемлекет басшысынан – 22, Парламент Палаталары мен олардың депутаттарынан – 78, Премьер-Министрден – 27, соттардан – 68 келіп түскенін айтты.

«Барлық өтініштердің ішінен 27-нің нысаны заңдардың Конституцияға сәйкестігіне тексеру жүргізу болды. 15 өтініш бойынша жалпы алғанда 17 заң, соның ішінде мынадай себептер бойынша,  олардың Қазақстанның егемендігін шектеуі, адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуі, Қазақстан азаматтарына конституциялық емес ауыртпалықтардың жүктелуі, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейінің төмендеуі, Қазақстан азаматтарын ел юрисдикциясынан бөліп шығару және басқалары Конституцияға сәйкес келмейді деп танылды», деді ол.

 

 Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан».