09 Ақпан, 2018

Жолдау баршамызды ортақ мақсатқа жұмылдырады

301 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы өнер ошақтарының ішіндегі ең іргелі шығармашылық екі ұжым – Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі мен мемлекеттік «Салтанат» ән-би ансамблі толық құрамда біріге отырып, оркестрдің үлкен концерт залында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауын талқылады. 

 

Жолдау баршамызды ортақ мақсатқа жұмылдырады

Бүкіл әлем қарқынды дамытып жатқан технологиялық революциядан Қазақстан да тысқары тұра алмайды. Әлемге тән өзгеріс – қазақстандықтарға да тиесілі. Ақпараттық-ком­муникациялық технологиялар саласындағы еңбек өнімділігін арттырып, қалыпты ырғақпен дамыта түсу үшін нақты шаралар бүгіннен бастап қолға алынуы тиіс. 

Ұлттық өнерді дамыту жо­лын­да айырықша еңбек сі­ңі­ріп келе қос ұжымның да бас­­шылары осы тұрғыда сөз алып, Мемлекет басшы­сы­­­ның Жолдауында назар ауда­­ры­лып отырған бар­лық ба­сым­­­дықтардың маңы­зы­на тоқ­талды. Мемлекеттік «Сал­танат» ән-би ансамблінің дирек­­торы Мақсат Закиров ор­­тақ мақ­сат жолына жұ­мыл­ды­­ра­тын биылғы Жолдаудың екі ұжым­­ның да азаматтарына зор жауап­кершілік жүктейтінін айтты. «Елбасының заманауи даму жолдарын ескере отырып, қазақ тілінің өркендеуіне, рухани жаңғыруға, халықтың денсаулығын нығайтуға баса назар аударғаны халқының бар қадір-қасиетін бойына жина­ған ұлттық рухын көр­сет­ті. Алдағыны болжап, ер­тең­гісін ойлайтын, қазақ­стан­дық­тар­ды, бүкіл мемле­кет­ті әлемдік өр­ке­ниетке жете­лейтін  көреген бас­шы, саяси қай­раткер, тарихи тұлға еке­нін тағы бір дәлелдеді», деді Ма­қ­с­ат Демешұлы. 
Балет бишісі Денис Витчен­ко болса, еліміз дамуы­ның ендігі кезеңі үшін бұл Жолдаудың нақты іс-әрекет­терге орайлас­тырылған бір­тұ­тас ұлт болу қада­мымыз­ды айқындай түсе­тін қуатқа ие құжат екенін жет­­кізді. Қазақстан дамуының ба­рлық көкжиегін кеңейте түсе­тін бұл Жолдаумен әр­бір адам  мұқият танысып, өзін­ше зерделеуі тиіс. Ол өз әріпт­ес­терін Елбасы белгілеп берген негіз­гі он міндеттің орындалуы­на атса­лысып, оған толық қол­дау біл­діруге шақырды. 

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ