12 Ақпан, 2018

Саланы жаңарту – уақыт талабы

286 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы жаңа заман талабына сай әрекеттерді айқындайды. Жолдаудағы 10 міндетте елімізді озық мемлекеттер қатарына қосудың жолдары нақты көрсетіліп отыр.    

Саланы жаңарту – уақыт талабы

Жолдаудың басында аталған табыстар еліміздің ағымдағы жаһандық мәселелерді шешуге қабілеттілігіне дәлел болады. Президент өзерістердің негізгі флагманы ретінде индустрия­ландыруға ерекше көңіл бөледі. Атап айтқанда, жаңа технологиялар мен бейімделген білім жүйесі цифрлы және басқа да инновациялық шешімдерді әзір­леушілердің өз экожүйелерін дамыту үшін тиісті жағдайлар жа­сайды. Ресурстарды пайда­лану­дың жаңа тәсілдері маңызды қадам болмақ. Біз 2017 жылы Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесі бойынша «жасыл» тех­нологияларды әзірлеудегі Қазақ­станның мүмкіндіктері туралы білеміз. Сондықтан Мемлекет бас­шысы қойған бұл міндетті шешу үшін бізде бәрі бар деп се­німмен айта аламыз.

Педагогикалық қызметкерлер үшін жетінші міндет ерекше маңызға ие. Себебі, жаңа техно­логиялық тәртіп терең матема­тикалық және жараты­лыстану-ғылыми білімді талап етеді. Ол үшін оқыту үдерісін ресурстық қамтамасыз етуді күшейтумен қатар, педагогтарды дайындау тәсілдерін қайта қарастыруды ұсы­нады, бұл бүкіл жүйені жа­ңар­ту болып табылады.

Жолдауда барлық жастағы адамдарға арналған білім беру жүйесін құруға назар аударылды. Бұл өте маңызды, өйткені он жыл бұрын алынған білім ескірген, ал жұмысқа қабілетті жастағы адамдар қайта даярлықтан өту­ге, жаңа дағдыларды игеруге тиіс. Бүгінгі күнгі білім беру жү­йе­сі қоғам қажеттіліктерін толық­қан­­­ды қамтамасыз ете алмайды. Қа­ла­­лық мектептердің жан басына қар­­жы­л­андырылуы – білім беру ұйы­м­дарының бәсекеге қабіл­ет­тілігін арттыру үшін қа­жет­ті жағ­дайларды жасайды. Бұл білім беру сапасын арттыратыны сөзсіз.

Біз үшін үш тілде оқыту, ағыл­шын тілін білу қажеттілігі туралы ереже өте маңызды. Ол әл­бетте, латын әліпбиіне көшу­ге көмектеседі. Бірақ ұлттық сәй­кестікті сақтап қалу да маңыз­ды рөл атқарады, оның маңыз­ды бөлігі қазақ тілін білу болып табылады. Үш тілді еркін мең­геру, интернетке жаппай қол­жетім­ділік – жастар үшін жарқын бола­шақтың кепілі.

Педагогтердің жаңартылған білім беру бағдарламасын игеруге деген құлшынысына қарай отырып, оның уақтылы және сапалы екендігін айтуға бола­ды. Сондықтан техникалық және кәсіптік білім беру бағдар­ла­маларын жаңарту да уақыт талабы. Шетел мамандарын тар­та отырып, жаңа технология­лар­­ды пайдаланып, жастардың маман­дықты меңгеруі өз кәсіби шебер­ліктерін халықаралық деңг­ейде сәтті жүзеге асыруына мүм­кіндік береді. Біздің ойы­мыз­­ша, Жолдауда білім беру жү­­йе­сінің экономиканың бір саласы ретінде қарастырылуы аса құнды болып табылады. Өйткені білім беру ұйымдарының эконо­микалық еркіндігі сапалы дең­гейді құрайды. Бұл ха­лық­ара­лық кеңістікте тәжірибеден өткен және өз нәтижесін көрсетті.

Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі қызметкерлері ре­тінде мұғалімдердің әлеуеті, мем­ле­кеттің көмегі мен жаңа тех­­ноло­гиялар білім беру жүйе­сін жаңа деңгейге көтеруге ықпал ете­ді деп сенеміз. Ол – бола­­­шақ­тың негі­зі. Біз бір мақ­сат­қа ұмты­ла­мыз, сондықтан жас­қа, әлеумет­тік жағдайға, лауа­зым­ға қара­май, Жолдауды жүзе­ге асыру­ға жауа­п­ты болуымыз керек. Ке­лер ұрпақ­қа жедел дам­у­шы Қазақ­станды қалдыру – қасиетті борышымыз.

Еркін ИСИМБАЕВ,

Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты