Қазақстан • 12 Ақпан, 2018

Орталық коммуникациялар қызметінде медиа ұйымдардың жоспары таныстырылды

347 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «Хабар» агенттігі басшылары – Басқарма төрайымы Алмагүл Ахметжанова, Басқарма төрайымының орынбасары Ринат Кертаев, «Хабар» арнасының директоры Ерлан Игісінов, «Хабар 24» арнасының директоры Арман Сейітмамыт және «Kazakh TV» арнасының директоры Сандуғаш Рақымжанованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Орталық коммуникациялар қызметінде медиа ұйымдардың жоспары таныстырылды

Спикерлер журналистерді агент­­тіктің және оның арна­ларының бір жылдық қызмет­терінің нәти­же­сімен, сондай-ақ 2018 жылға жос­парланған жаңа жобаларымен таныстырды.

Өз сөзінде Алмагүл Ахмет­жа­нова агенттіктің 5 жылдық стра­те­гиялық дамуын жүзеге асыру жұмысы жалғасып жатқанын жеткізді.

«Аталған стратегия аясында агент­тік телеарналарының тара­лым саясатына, сондай-ақ ұйым­ның бизнес-процесіне түзетулер жүргізілді. Бұл арналардың кон­тентін жақсартуға, агенттік қыз­­метін оңтайландыру және жұ­мыс тимділігін арттыруға мү­м­кін­дік берді. Агенттік ар­на­ла­ры 2017 жылы халықты мем­лекеттік бағдарламалар туралы ақ­параттандыру үшін нақты жұ­мыс жасады. Осы мақсатта жаңа те­лежобалар іске қосылды, оның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын айтуға болады, Агенттіктің шығармашылық то­бы қазіргі таңдағы ең маңызды мәселелерді деректі фильмдерге арқау етті, сонымен бірге телеарналар ірі форумдарға ақ­параттық қолдау көрсетіп, халықаралық және жергілікті іс-шараларды таратты», деді ол.

Сонымен қатар Басқарма төр­айымы мамандар дайындау және олардың біліктілігін арттыру жұмысына да баса назар аударылғанын баяндады.

«Осы мақсатта «TRT» те­­­ле­­ра­диокомпаниясы, «Anadolu»­­ ақпарат агенттігі және «France 24» телекомпания­сымен келі­сім жасалды. Қызметкерлер «Ды­быстық инженерия», «Опера­торлық шебер­лік», «Жарық беруші шеберлігі», «Әскери жур­налис­тика», «Энер­гетикалық журналистика» және т.б. ба­ғыттар бойынша білім алды. Жыл қорытындысы бойынша «Хабар» қызметкерлерінің 70 пайы­зы білім алып, біліктілігін жетілдірді», деді ол.

Басқарма төрайымының орын­­басары Ринат Кертаев та бүгінгі таңда жас журналистерді дайындауда арна тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды екенін айтып өтті.

«Хабар» арнасының қо­ры­­­тындысы бойынша­ арна ди­рек­торы Ерлан Игі­сі­­нов баяндап: «Басты назарды азамат­та­ры­мыздың түрлі мәселелер бойынша хабарын арт­тыратын әлеу­мет­тік маңызды жобаларға ауда­рамыз. Әлеуметтік бағыт­тағы бағ­дарламалар арасында – «Давайте говорить!», «Білу ма­ңызды», «Біздің назар­да», «Ана мен бала» және т.б. бағдар­ламалар бар. Өткен жылы арна­ның тапсырысымен 14 телехикая түсірілген. Олардың арасында «Қария», «Мез­гілсіз махаббат», «Ана жү­регі» және басқалары бар. Ал «Өгей жүрек» (2016) телехикая­сы «ABU Prizes» халықаралық бай­­қауында қазылардың арнайы сый­лығына ие болды. Арнаның  дис­трибьюторлық қызметінің нәти­же­сінде Моңғолия, Ресей, Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия­ның 9  елінде телехикаялар мен бағ­дарламаларды трансляция­лау құқығын беру туралы келісім жасалды», деді.

 «Хабар 24» арнасы мен «Kazakh TV» телеарнасының бас­шы­лары да өткен жылы жа­салған жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берді.

Айта кететін тағы бір жайт, бүгін­нен бастап «Ха­бар» арна­сын­­да Пхенчхан қала­сын­дағы Қыс­қы Олимпия ойында­ры көр­сетіледі. Ойындардан хабар тарату үшін Оңтүстік Ко­рея еліне екі шығар­машылық топ жіберілген. Арна эфирінен жа­рыс­тар тікелей эфирде және алдын ала жазылып беріледі, сондай-ақ күн сайын арнайы күн­деліктер дайындалады.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»