Үкімет • 13 Ақпан, 2018

Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің биылға арналған жұмыс жоспарын жандандыруды тапсырды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бақытжан Сағынтаев бүгін Үкімет отырысында Үкіметтің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын жандандыруды тапсырды.

Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің биылға арналған жұмыс жоспарын жандандыруды тапсырды

Отырыс барысында ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовтің, қаржы министрі Б. Сұлтановтың, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің, энергетика министрі Қ. Бозымбаевтың, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымованың, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаевтың, денсаулық сақтау вице-министрі А. Цой мен мәдениет және спорт вице-министрі Е. Қожағапановтың баяндамалары тыңдалды.

Премьер-Министрдің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы А. Есімов, ұлттық компаниялардың басшылары өз бағыттары бойынша Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша жобалары туралы баяндады.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев мәселелер ҚР Президентінің ерекше бақылауында екенін айтып өтті.

«Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге жұмаға дейінгі мерзімде Үкіметтің 2018 жылға арналған жандандырылған Жұмыс жоспарының жобасын бүгінгі талқылауды ескере отырып, Үкіметке енгізу қажет», — деп тапсырды Бақытжан Сағынтаев.