Атырау облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Гүлзия Құрманованың мәлімдеуінше, 2017 жылы инспекторлар 534 жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жердің пайдаланылуы саласында 448 құқық бұзушылық анықталған. Құқық бұзушыларға 61 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды.
Берілмеген 105 жер учаскесі (66 мың гектардан аса) тәркіленді.
- Қазіргі таңда пайдаланылмаған жер телімдерін тәркілеу жұмыстары жүргізілуде. Ең басты мәселе, жеке тұлғалар ауыл шаруашылық жұмыстарына жер сатып алады, кейіннен оларды жеке тұрғын үй құрылысы үшін қайта сатады. Осындай жағдай Береке ауылында орын алды. Адамдар үй салды, ал біз ол жерлердің заңсыз екенін айтуымыз керек,- деді Махамбет ауданының әкімі Сырым Рысқалиев. – Кезінде біреулер құрылыс жұмыстарына рұқсат берген, бірақ тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша заңсыз деп танылып отыр.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өз кезегінде осы ауыл тұрғындарымен жиі кездесетінін атап өтті.
- Ауыл шаруашылығына арналған бұл жер телімдері ауыл шаруашылық жұмыстарына бөлінген. Біз барлық жерді алу міндетін қоймаймыз, бірақ бұл участкелерде үй салуға болмайды. Осындай фактілерді ашып, қажет болған жағдайда, заң бойынша мұндай құрылымдарды бұзу туралы аудан әкіміне міндет жүктедім. Бұрынғы қалпына кері қайтаруды тапсырдым. Тек осы жағдайда ғана заңсыз құрылыс жүргізетін адамдар ойланып, жерді заңсыз алу жолдарын тоқтатады. Біз ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін адамдарға жер телімдерін тауып беруге тырысамыз, десек те жүздеген гектар жер не мақсатына сай пайдаланылмайды, не кері сатылуда,-дейді Нұрлан Ноғаев. – Сонымен қатар, аудан әкімдері осындай жағдайдағы жер иелерімен кездесіп, олардың мәселесін шешу туралы ұсыныс жасау керек. Халықтың кінәсі мына жерлерді сатып алғаны.
Жылыой ауданында рұқсатсыз жер телімдерінде заңсыз салынған үш кәсіпкерлік нысан анықталды. Әкімдік ғимараттарды бұзу туралы шешім қабылдады.
2017 жылдан бастап жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы жер телімдерін анықтау үшін аэроғарыштық суреттерді пайдалануды бастады. Өткен жылы 9 мыңға жуық заңсыз жер телімдері анықталды. Бұл жұмыс ағымдағы жылы жалғасады. Арнайы топтар құрылды, олар аэрофототүсірілім деректерін пайдалана отырып, жер учаскелерін тексереді және жер телімдерін дұрыс пайдалануды реттейді.
Жиын соңында облыс әкімі жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.