Е.Баударбек-Қожатаев Қазақстанның ғарыштық жобаларының іске асырылуы, атап айтқанда, жиынтықтаушы спутниктерді жобалауға, жасауға, құрастыруға және сынауға арналған технологиялық және өндірістік база болатын ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін салу туралы хабардар етті.
Н.Окумура Қазақстан Ұлттық аэроғарыш агенттігі мен ЖАЗА арасындағы өзара ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейге шыққандығы жөнінде айтты.
Сұхбаттасушылар 2010 жылы қаңтарда Қазақстан Ұлттық аэроғарыш агенттігі мен ЖАЗА арасында қол қойылған Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді одан әрі іске асырудың маңыздылығы туралы атап көрсетті.
Елші Жапонияның цифрлы технологиялардағы алдыңғы қатарлы ұстанымдарын ескере отырып, Қазақстан үшін өте маңызды болып табылатын өзара пайдалы ынтымақтастықты дамытуға осы келісімнің құқықтық негіз жасағанын айтып өтті. Бұл тұрғыда ЖАЗА өкілдері Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауының негізгі басымдықтарымен және Қазақстандағы инновациялық технологиялардың енгізілуімен таныстырылды.
Бұған қоса, Қазақстандық елші Жапония өкілін 2018 жылғы 23-26 мамырда Астанада өтетін «KADEX-2018» халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.
ЖАЗА төрағасы Қазақстанның Халықаралық ғарыш стансасында жұмыс істейтін жапониялық ғарышкерлердің ұшып кету мен қауіпсіз қону орны болып табылатындығын ризашылықпен атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта жапон халқы өздерінің кезекті ғарышкері Норисиге Канаидың осы жылы маусымда Қазақстан жеріне қайтып келуін күтуде.
Н.Окумура алдағы наурызда Токио қаласында өтетін Ғарыштық зерттеулер жөніндегі 2-ші Халықаралық форумға қазақстандық делегацияның жоғары деңгейде қатысатындығына үміт артып отырғандығын жеткізді.
Н.Окумура еліміздің қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалап, аэроғарыш саласындағы басым бағыттарда Қазақстанмен неғұрлым тығыз ынтымақтасуға мүдделі екендігін білдірді.
«Егемен-ақпарат»