Қазақстан • 15 Ақпан, 2018

Бақытжан Сағынтаев халықаралық сарапшы Гюнтер Паулимен кездеcті

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев инновацияларды дамыту саласындағы халықаралық сарапшы Гюнтер Паулимен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бақытжан Сағынтаев халықаралық сарапшы Гюнтер Паулимен кездеcті

Кездесу барысында жаһандық технологиялық атқарымдарды пайдалану және отандық және шетелдік кәсіпорындардың инновациялық бизнес жобаларға қызығушылығын тудыру арқылы Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы мәселелері талқыланды.

Гюнтер Паули «Көк экономика: 10 жыл, 100 инновация, 100 миллион жұмыс орны» (The Blue Economy: 10 years, 100 innovations, 100 million jobs) кітабының авторы, онда табиғи үдерістерге еліктей отырып, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдасы бар жаңа табысты бизнес үлгілерді жасауға болатыны көрсетілген. Ол қазба ресурстарын пайдалаудан әлдеқайда қарапайым және экологиялық технологияларды қолдануға баса назар аудара отырып, қарапайым индустриялық үдерістерге балама ұсынады.

«Көк экономиканың» негізгі қағидалары:

  • кез келген ресурсты ол өндіріске қажет болса басқасымен алмастыруға болады;

  • табиғатта қалдық болмайды;