Жиында министрліктің 2017 жылғы атқарған жұмыстары мен биылғы жоспарлары таныстырылды.
"2017 жыл ақпарат және коммуникациялар министрлігі үшін түрлі жаңалыққа толы болды. Мемлекет басшысы біздің алдымызға қойған барлық тапсырманы жүзеге асыруға кірістік. Бір жылдың ішінде жоспардағы шаруаларды толық атқардық деген ойдамын. Олардың арасында ақпарат саласы, байланыс, ақпараттандыру мен мемлекеттік қызмет бағыттары бар. Сонымен қатар ақпарат және коммуникация бойынша заң жобасына түзетулер енгізілді. Ең бастысы биыл "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды", деген министр министрлік атынан Президент әкімшілігі мен Парламент мәжілісінің, Үкіметтің өкілдеріне, ведомстволық ұйымдар мен азаматтық секторға алғыс айтты.
Одан бөлек, мемлекеттік ақпараттық жұмысын жүзеге асыратын жаңа жүйе бірыңғай медиа-жоспардың қабылданғанын, осының арқасында мақсатты аудиторияның сұраныстарына назар аударылғанын атап өтті.
Ая ӨМІРТАЙ,
"Егемен Қазақстан"