Қазақстан • 16 Ақпан, 2018

100 жаңа есім жобасы аясында ерекше жобаларға мемлекет қолдау көрсетеді

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Дәурен Абаев биыл атқарылатын жұмыстар ретіне тоқталды.

100 жаңа есім жобасы аясында ерекше жобаларға мемлекет қолдау көрсетеді

Министрдің сөзінше, 100 жаңа есім жобасы аясында ұсынылатын ерекше жобаларға мемлекет жан-жақты қолдау көрсетеді.

«Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Министрлік «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын жүзеге асырды. Олар өз еңбектерімен биік белестерді  бағындырған жандар. Биыл екі бағыт бойынша жұмыс жалғаса береді. Біріншіден, 100 жаңа есімге лайық болған тұлғалардың жетістікке жетудегі тарихын көрсету жалғасады. Екіншіден, сол кісілердің өздері ұсынған ерекше жобаларға мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге әзір», дейді министр Дәурен Абаев.

Ая ӨМІРТАЙ

«Егемен Қазақстан»