Қазақстан • 16 Ақпан, 2018

Жыл басынан бері 17 мың проактивті әлеуметтік қызмет көрсетілді – Асқар Жұмағалиев

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, оларды электронды форматқа көшіруді дамыта түсу мақсатында жұртшылыққа ыңғайлы бірқатар жобалар іске асырылуда. 

Жыл басынан бері 17 мың проактивті әлеуметтік қызмет көрсетілді – Асқар Жұмағалиев

Ендігіде жас аналарға халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ, барлығы автоматизация арқылы іске асады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

«Бала тууға байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ рәсімдей беруге болады. Сондықтан мобильді үкімет сұрақтарын үйлестіру мен мемлекеттік ұйымдардың дерекқоры үшін композиттік және проактивті қызметтерді біріктіруді жүргізу қажет. Бұл ретте бізде ішкі қор бар. Барлық техникалық және нормативтік сұрақтарды мобильді үкімет пен мемлекеттік қызметтер арқылы реттеуді сұраймын», дейді Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев.

Одан бөлек, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезекті азайту мақсатында бірқатар шешімдер қабылданғанына тоқталған ол, автокөліктерді рәсімдеуге қатысты құжат жұмыстарын интернет арқылы реттеуге болатынын атады. «Яғни, сіз интернет арқылы тапсырыс беріп, қажетті құжатты «Қазпошта» арқылы ала аласыз. Бұл қадам көлік жүргізушілеріне ұнайды деген сенімдемін», - дейді Асқар Жұмағалиев.

Ая Өміртай,

Суретке түсірген Ерлан Омаров,

«Егемен Қазақстан»