Есепті кезеңде қалалық жерлерде тұратын халықтың саны 10 млн 426,5 мыңға (57,4%) жетіп, ауылдарда 7730,6 мыңды (42,6%) құрады. АХАТ органдарының мәліметінше, былтыр 390,5 мың сәби өмірге келген, бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 4,7%-ға аз.
Мың адамға шаққандағы жалпы туу коэффициенті 21,65 сәби болып отыр. Республика халқының табиғи өсімі 2016 жылмен салыстырғанда 17 мың адамға немесе 6,1%-ке қысқарып, 260,5 мыңды, ал мың адамға шаққандағы табиғи өсім 14,44-ті құрады. Есепті кезеңде 130 мың адам қайтыс болды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 1,8%-ке аз. Былтыр республикада 1 жасқа дейінгі 3150 нәресте (10,6%-ға аз) шетінеген.
Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар. Бұдан 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанада 1586 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 50,3% құрады. Туа біткен ауытқулардан 731 немесе 23,2%, тыныс органдары ауруларынан - 195 немесе 6,2% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 168 немесе 5,3% нәресте қайтыс болды. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,07 құрады.
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 20,5%-ке көбейіп, 16 081-ді құраған. Елімізден кеткендердің саны 7,8%-ке көбейіп, 37 704-ті құрады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі жалпы көшіп келушілердің 72,1%-ін, ал ТМД елдеріне кеткендердің үлесі 89,4%-ті құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 35,4%-ін кұрады.
Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Астана қаласында (36 449 адам), Алматы қаласында (31 775 адам) және Ақмола облысында (1 544 адам) байқалды.