Шараға дені сау және сал, Spinabifida ауруларына шалдыққан, Даун синдромы бар, аутикалық спектрі бұзылған, құлақтарында мүкісі бар, көздері нашар көретін балалар қатысатын болады.
Шараның басты мақсаты - ерекше білімге мүдделі балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау.
«Бұл - Астана үшін бірегей оқиға. Спорттық алаңда өз қабілеттерін бочче, бейімді жүзу, паракаратэ, паратхэквондо және хореография сияқты инклюзивті спорт үйірмелерінің шәкірттері көрсететін болады. Бұдан бөлек, фестиваль аясында паралимпиадалық спорт түрі «Голбол» федерациясы көзі нашар көретін балалар үшін шеберлік сабақтарын ұйымдастырмақ. Сондай-ақ, шеберлік сабағын StreetWorkout-тан ҚР-ның бас жаттықтырушысы Айтым Жақыпов та жүргізетін болады.