Парламент • 19 Ақпан, 2018

Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысты

420 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысты

16-18 ақпанда өткен форумға әлемдік деңгейдегі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері қатысып, халықаралық қауіпсіздіктің маңызды мәселелерін талқылады. Жекелеген сессиялар Еуропа Одағының Ресей және АҚШ-пен өзара іс-қимылына, Таяу Шығыс пен Корей түбегіндегі шиеленістерді реттеуге арналды. Киберқауіпсіздік, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мә­­селелері, Арктикадағы жағдай жө­нін­де тақырыптық дөңгелек үстелдер болды.

Конференцияда мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, парла­мент­тердің төрағалары мен халықаралық ұйым­дардың жетекшілері, ықпалды қоғам қайраткерлері мен талдау орталықтарының өкілдері сөз сөйледі. Шараға барлығы 500-ден астам адам қатысты.

Қ.Тоқаев форум аясында бірқатар кездесулер өткізді. Сенат Төрағасының БҰҰ Қор­шаған орта жөніндегі бағдар­ламасының Атқарушы дирек­торы Эрик Солхейммен кезде­суінде Қазақстанның БҰҰ құры­лым­дарымен өзара іс-қимыл мәсе­лелері талқыланды.

Қ.Тоқаев Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық кам­па­нияның (ICAN) Атқарушы директоры Беатрис Финді ұйымға Нобель бейбітшілік сыйлығының табыс етілуімен құттықтады. Б.Фин Қазақстанның жаппай қы­рып-жою қаруынан азат әлем құ­рудағы үлесін жоғары бағалады, сон­дай-ақ қарусыздандыру сала­сындағы халықаралық бағдар­ла­маны іске асыруға өзара іс-қимыл қажеттігін атап өтті.

Schaeffler AG концерні бай­қау­шылар кеңесінің төрағасы Георг Шаффлермен және Sc­haef­fler AG-тың Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шы­ғыс және Африка бойынша атқа­ру­шы бас директоры Райнер Линд­нермен технологиялық және инвестициялық ынтымақ­тас­тықтың келешегі туралы әңгіме өрбіді. Сенат Төрағасы экономиканы технологиялық тұрғыда жедел жаңғырту Қазақстандағы кешенді реформаның маңызды құрамы екеніне назар аудара келіп, неміс бизнесін біздің еліміздің аумағындағы бірқатар ірі жобаларды іске асыруға қатысуға шақырды.