Кездесу барысында Қ.Мәми Қазақстанның тәуелсіздігін Германия алғашқылардың бірі болып мойындағанын және осы жылдар бойы біздің еліміздің стратегиялық серіктестігі екенін атап өтті. Мемлекеттердің басшы тұлғаларының өзара сапарлары сенімгерлік қатынас орнатуға ықпал етті.
Төраға қонақты конституциялық реформаның негізгі ережелерімен, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің өкілеттіктерімен таныстырды. Кездесу кезінде тараптар ұлттық заңнамаларды және конституциялық бақылау практикасын жаңғырту аясында тәжірибе алмасты. Конституциялық Кеңес Төрағасы атап өткендей, осы жылдар ішінде Қазақстанның және Германияның заң құрылымдары арасында жемісті ынтымақтастық орнатылды. Конституциялық Кеңес Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Конституциялық Сотымен тығыз байланысты жолға қойды.
Мәселен, Германияның құқық қорғау органдарына және соттарына бару сапарлары Германияның қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнамалары жүйесін терең зерделеуге мүмкіндік берді. Бұл жобалар Қазақстанда осы жылдар бойы тиімді жұмыс істеп келе жатқан Халықаралық құқықтық ынтымақтастық Германия қорымен (IRZ) және Халықаралық ынтымақтастық бойынша Германия қоғамымен (GIZ) тығыз өзара іс-қимылда іске асырылып келеді, деді Қ.Мәми. Кездесу соңында тараптар Қазақстанның және Германияның конституциялық әділет органдары қызметі саласындағы екіжақты өзара қатынастарының халықаралық ынтымақтастықты тереңдету шеңберінде дами беретініне сенім білдірді.