ar-ay.kz
Осыған байланысты, еліміздің ауылдық жерлерін сапалы, жылдам интернетпен қамту мәселесі алаңдатушылық туғызуда. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің деректеріне қарағанда, бүгінгі таңда 1269 елді мекен ғана жылдамдығы секундына 512 мегабит және одан жоғары кеңжолақты интернетпен қамтылған. Қабылданған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кеңжолақты интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету» жобасы бойынша 1249 ауылдық елді мекенді 2021 жылға қарай ғана жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған. Демек, ауылдық елді мекендерді кеңжолақты интернетпен толық қамту әлі де өзекті.
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап, 2 мыңнан астам адам тұратын ауылдық округтерде 4 деңгейлі бюджет енгізілуде, ал 2020 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін жаппай енгізу көзделуде. Сондай-ақ жақын арада электрондық еңбек биржасын, электрондық денсаулық паспортын және емделушінің жеке кабинетін қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Бұған қоса елімізде орта білім беру жүйесін реформалау процесі жүргізіліп жатыр, бұл дегеніміз электронды құжат айналымын ғана емес, оқытушылар мен оқушылардың заманауи ақпараттық технологияларды жаппай қолдануын қажет етеді. Ал 2020 жылға қарай біз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайын болуымыз қажет.
Осы аталған реформалар мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы басқа да көптеген міндеттерді жүзеге асыру ауылдық елді мекендердегі цифрлық теңсіздікті жоймай, мүмкін болмайтыны айдан анық. Сондықтан көтеріліп отырған мәселенің маңыздылығын ескере отырып, біз Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына сауал жолдап, төмендегі сұрақтарға жауап беруін өтіндік:
1. Ауылдық елді мекендерді кеңжолақты интернетпен қамту мақсатында іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға мониторинг жүргізу және оларды жүйелендіру жұмыстары Үкіметтің жоспарында бар ма?
2. Аталған мәселелерді шешу үшін алдағы екі жыл көлемінде қанша қаражат бөлу көзделген?
3. Ауылдық елді мекендерді және аудандарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың бюджетінде қаражат қарастырылған ба?
Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ,
Сенат депутаты