Қазақстан • 21 Ақпан, 2018

Алматыда қарт адамдарды қолдауға бағытталған карта қабылданбақ

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді Алматыда қарт адамдарды қолдауға бағытталған карта қабылданбақ. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек есеп беру жиынында айтты.

 Алматыда қарт адамдарды қолдауға бағытталған карта қабылданбақ

Қазір қала тұрғындарының 12 пайызы – 60-тан асып тұр. Егде жастағыларды қолдауға бағытталған бағдарлама негізінен денсаулық, өмір сапасын арттыру, барлық қызметтердің қолжетімділігін қамтиды. Бүгінде алматылықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы республика бойынша бірінші орында – 74,3 жас.

Есептік кездесуде Бауыржан Байбек Елбасының тапсырмасына сәйкес қала жастарын қолдау бағытында 2020 жылға дейінгі жол картасы қабылданғанын айтты. Былтырдың өзінде осы бағытта 4 млрд теңге жұмсалған.         «Қазір Алматы тұрғындарының шамамен жартысы – жастар. Олардың орта жасы 33,5 жас. 200 мың жуық студент білім алады. Бұның артықшылығымен қатар қиыншылықтары да бар. Республика бойынша жастар жұмыссыздығының ең жоғарғы көрсеткіші – 6,5 пайыз. Бұл көрсеткіш Алматыға тиесілі. «Алматы жастарын қолдау - 2020» жол картасы қабылданды. Былтыр 4 млрд теңге бөлінді. «Алматы жастары» бағдарламасы аясында алдын ала үй құнының 5 пайызын ғана төлеп, несие алу мүмкіндігіне ие болды. 6 мың адам өтініш білдірді. Балдық жүйемен 100 өтініш қабылданды. Сұраныстың көптігіне байланысты биыл да бұл бағдарлама өз жалғасын табады. Былтыр 1 млрд теңге бөлінсе, биыл 2 млрд теңге қарастырылған», – деді.

 

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»