Қазақстан • 22 Ақпан, 2018

Астанада «Енді ешқашан: Ашаршылық, Холокост, Камбоджа, Қожалы, Руанда» фотокөрмесі өтті

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада «Енді ешқашан: Ашаршылық, Холокост, Камбоджа, Қожалы, Руанда» тақырыбында фотокөрме өтті. Көрмені Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Елшілігі мен Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры бірлесіп ұйымдастырды.

Астанада «Енді ешқашан: Ашаршылық, Холокост, Камбоджа, Қожалы, Руанда» фотокөрмесі өтті

Көрме Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO), Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік тарихы институты мен Изральдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен өтті. Әзербайжан елшілігінде өткен жиында Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Көрменің ашылу салтанатында Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Рашад Маммадов, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гүнай Ефендиева, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Амангелді Қашқымбаев пен Астана қаласының бас раввині Шмуэль Карнаух сөз сөйлеп, адамзат тарихындағы жантүршігерлік жағдайлардың енді қайталанбауын тіледі.

Көрмеде жоғарыда аталған қанды оқиғалардың сирек кездесетін тарихи фотолары ұсынылып, Қожалы геноцидіне арналған әннің тұсауы кесілді.