Қазақстан • 23 Ақпан, 2018

Бас прокуратурада қылмыстық заңнаманы бұдан әрі ізгілендіру мәселелері талқыланды

300 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде қамауға алу мен бас бостандығынан айыруға баламалы бұлтартпау шаралары мен жазаларын қолдану саласын кеңейту, сондай-ақ қылмыстық заңнаманы бұдан әрі ізгілендіру мәселелері талқыланды. 

 

Бас прокуратурада қылмыстық заңнаманы бұдан әрі ізгілендіру мәселелері талқыланды

Бұл мәселенің өзектілігі Мем­лекет басшысының Жол­дауын құқық қорғау қызметін одан әрі ізгілендіру бөлігінде жүзеге асырумен байланысты.

Шараға Конституциялық Ке­ңес­тің төрағасы Қайрат Мәми, Жо­ғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов және Үй­лес­тіру кеңесінің мүшелері қа­тысты. 
Бүгінгі таңдағы сот-тергеу тә­жі­рибесін талқылаған қатысу­шылар ведомствоаралық іс-қи­мылды күшейтудің маңыз­дылығын атай отырып, азамат­тар­дың қорғалуы мен қауіпсіздік деңгейін төмендетпей, құқық қор­ғау қызметін әрі қарай ізгілен­діруге бағытталған кешенді іс-шараларды әзірледі. 
Бас бостандығынан айы­ру­ға баламалы бұлтартпау шара­ла­рының қолдану аясын кеңейту мүмкіндіктері қаралды: қылмыс бойынша қоғамдық жұмыстар мен бірқатар экономикалық, лауазымдық және мүлікке байланысты қылмыстар бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаларды енгізу, сонымен қатар айыппұл мен кепіл мөлшерін азайту. 

Кеңес барысында бұлтартпау шарасын қолдану мәселесін қараған кезде күдікті мен айыпта­лушыны сипаттайтын мән-жайлар жиынтығын және де жа­салған әрекетке сай келуін ескере оты­рып, жекелей түрде қарау қажет­тілігіне құқық қорғау орган­дары­ның назарын аударды. 

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шараларын кеңінен және бірыңғай қол­дануды қамтамасыз ету мақ­сатында Бас прокурор қылмыс­тық қудалау органдары басшы­лары­­ның және облыс прокурор­ла­рының атына нұсқау дайындады. 

Үйлестіру кеңесінің қоры­тындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.