Қысқы спорт • 23 Ақпан, 2018

Мати Алавер: Полторанин медаль медаль алмаса жалақымның бір тиынын қалдырмай қайтарып беремін

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің жаттықтырушысы эстониялық Мати Алавер маңызды мәлімдеме жасады. Бұл туралы caravan.kz хабарлады.

Мати Алавер: Полторанин медаль медаль алмаса жалақымның бір тиынын қалдырмай қайтарып беремін

Спортшы Пхенчханда өтіп жатқан қысқы Олимпиадада 50 шақырымдық марафонда бағын сынамақ.

«Маңызды бір мәлімдеме жасағым кеп тұр. Бәріміз білеміз, қазір Пхенчханда Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Бұл спортшылар үшін төрт жылда бір келетін есеп түрі десем болады. Олимпиада – «Пионерская правда» немесе «Пионерская зорька» жарысы емес. Мұнда спортшылардың бәрі үздік екендерін дәлелдеуге тырысады, бойындағы бар күшін көрсетеді. Алексей Полторанин де солардың бірі. Маған ХОК-тың бұрынғы президенті Хуан-Антонио Самаранчаның «Athletes is first» деген сөзі ұнайды. Яғни спортта спортшы ең басты рөл атқарады. Бірақ оның өнер көрсетуіне басы-қасында жүргендер жауапты болуы керек. Яғни ең басты жауапты адам – бапкері», деді эстониялық маман.

Осы тұста Мати Алавер шәкірті медаль алмаса осы маусымда алған жалақысын қайтарып беретінін айтты.

«Егер Алексей Полторанин сенбі күні медаль алмаса осы маусымда алған жалақымның бір тиынын қалдырмай қайтарып беремін. Осы арқылы өзге бапкерлерге үлгі боламын деп ойлаймын», деді Мати Алавер.