Қазақстан • 23 Ақпан, 2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

305 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Петропавл қаласының С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасы жаңа компьютерлік жабдықпен жарақталады. Бұл сыйлықты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры тарту етті.

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қоры Қазақстан өңірлерінде жастармен белсенді жұмыс жүрігізіп отыр. 2017 жылдан бастап Қордың өкілдері еліміздің түрлі қалаларына барып студенттерді Қордың қызметімен және жастарға арналған жобаларымен таныстырып келеді.

Дәстүр бойынша жолсапар әкімдікте кездесумен басталады. Петропавлда ҚР Тұңғыш Президенті -  Елбасы Қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев бастаған Қордың делегациясы, белгілі ғылым және өнер салаларының өкілдері - Қор Сыйлықтарының Лауреаттары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесті. Ресми кездесуде жастар бағдарламаларын дамыту мәселесі, сондай-ақ мәдениет, ғылым және әлеуметтік саладағы бірлескен жобалар туралы әңгіме болды.

Кездесу барысында Қор басшылығы С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасына жаңа компьютерлік жабдық алу үшін 3 млн теңге сомасына сертификат табыстады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев: «ҚР Тұңғыш Президенті Қорының жоспарында жастарды қолдауға, оның негізін бүгінгі студенттер мен жоғары оқу орындарының түлектері құрайтын жаңа креативті және бәсекеге қабілетті қазақстандық ғылыми қауымдастықты құруға бағытталған көптеген жобалар бар. Бұл жобалардың барлығы Президенттің Жолдауда қойған міндеттеріне сәйкес әзірленіп іске асырылады».

Әкімдікте кездесуден кейін Қордың басшылығы және ұжымы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің (СҚМУ) ғылыми және студенттік активімен кездесті, онда Қордың жастарға арналған жобаларының тұсаукесері өтті.

СҚМ-нің жас ғалымдары мен студенттері Қордың қызметімен таныс екені қуантарлық. СҚМУ-нің 15 студенті Қордың стипендиаты атанған. Қордың жанында қызмет ететін Жас ғалымдар кеңесінің шешімі бойынша СҚМУ-дың Жас ғалымдар кеңесі «Үздік жас ғалымдар кеңесі - 2017» атағына ие болды. Диплом Университеттегі кездесу кезінде табыс етілді.

Бұдан басқа, Қордың өкілдері мен әріптестері студенттерге арналған шеберлік сабақтарын өткізді. Атап айтқанда, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының баспасөз қызметінің басшысы Ақерке Берлібай «Әлеуметтік медиалар: SMM және PR-дың цифрланған әлемдегі үздік іс-тәжірибесі» тақырыбына шеберлік сабағын өткізді. ҚР Тұңғыш Президенті -Елбасы Қоры Сыйлығы лауреаты - «Қазақстанның алтын виолончелі» Ермек Құрманаев Петропавл өнер колледжінің суденттері үшін шеберлік сабағын өткізді, онда ол Петропавл өнер колледжінің жас музыканттарымен өз тәжірибесімен және білімімен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев: «Ақпараттық технологиялар өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қою арқылы әлемдік экономиканы өзгертеді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры түрлі IT-жобаларды іске асырады, оның ішінде «Smart Zholy», «Method PRO», бүкіләлемдік «Кодтау сағаты» акциясын қолдайды.

Биыл Қор «Блокчейн» цифрлық марафоны» жобасын әзірледі. Қор блокчейн, криптовалюта, майнинг, ICO және басқа да замануи IT-трендтер бойынша қоғамдық алаңдарды құруды жоспарлап отыр. Келешекте осындай кездесулер Қазақстанның түрлі қалаларында өтеді. Біздің мақсатымыз – халықтың, алдыменен жастардың замануи IT-технологиялар бойынша біліктілігін арттыру. Осы мақсатта біздің әріптестеріміз, отандық FinTech Group компаниясының қызметкерлері Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің студенттері үшін  «блокчейн» технологияларына арналған семинар өткізеді.

Күні бұрын блокчейн бойынша семинар Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкерлері үшін өткізілген болатын. Тұңғыш Президент - Елбасы Қорының күндері Н. Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан орыс драма театрында Қазақстан операсының жұлдыздары - Қор Сыйлықтарының Лауреаттарының гала концертімен аяқталады. Петропавлдықтардың алдында: Гаухар Тасбергенова (фортепиано), Бибігүл Жанұзақ (сопрано), Татьяна Вицинская (меццо-сопрано), Азамат Жылтыргөзов (баритон), Марат Айтімбай (баритон), Болат Есімханов (бас) және Ермек Құрманаев (виолончель) өнер көрсетеді.