Сапар аясында Аустрия Республикасы Ұлттық Кеңесінің мүшесі Рейнхольд Лопатка бастаған Парламент мүшелерімен кездесу болды. Екі елдің заң шығару органдарының өкілдері Қазақстан мен Аустрия ынтымақтастығының келешегін, сауда-экономикалық байланыстарды өрістету қажеттігін, визалық тәртіпті жеңілдету мүмкіндіктерін талқылады.
22 ақпанда ЕҚЫҰ ПА Тұрақты комитеті мен жалпы комитеттерінің отырыстары болды. Сенаторлар Д. Кәлетаев пен Т. Мұқашев Саяси мәселелер және қауіпсіздік жөніндегі жалпы комитеттің, Д. Құсдәулетов Демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер жөніндегі жалпы комитеттің жұмыстарына қатысты. М. Бортник пен Қ.Қаракен Экономикалық мәселелер, ғылым, технология және қоршаған орта жөніндегі жалпы комитеттің отырыстарына қатысты.
Сенат депутаты Д. Кәлетаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Георгий Церетелимен кездесті. Сенатор біздің елімізде өткен конституциялық реформа туралы жүздесушіні хабардар етті. Тараптар Қазақстан Парламенті мен ЕҚЫҰ ПА-ның бұдан былайғы ынтымақтастығының келешегі туралы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ ЕЫҚҰ Астана саммитінің мұраларын сақтау және дамыту, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының төрағалық етуіндегі басымдықтар туралы да айтылды.