Әлем • 26 Ақпан, 2018

СІМ-нің Сирияда соғысты тоқтату туралы БҰҰ қарары бойынша мәлімдемесі

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сирияның бүкіл аумағында соғыс әрекеттерін тоқтату туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары бойынша мәлімдемесі

СІМ-нің Сирияда соғысты тоқтату туралы БҰҰ қарары бойынша мәлімдемесі

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирия бо­йынша, осы елдегі гуманитарлық жағдай­ды жақсарту үшін әскери қи­мыл­дардың тоқтатылуын рет­тейтін қарарын қабылдауды құптаймыз.

Сирияның бірқатар өңір­лерінде, соның ішінде Шы­ғыс Ғутада көптеген бейбіт азаматтардың, оның ішінде әйелдер мен балалардың өліміне әкеліп соқтырған зорлық-зомбылықтың артқаны жағдайында бұл құжаттың маңыздылығын атап өтеміз.

Қабылданған қарардың орындалуы халықаралық құқыққа сәйкес Сирияның зардап шеккен аймақтары­на гуманитарлық жәрдем көр­сетудің қауіпсіз және кедер­­гісіз қолжетімділігін қам­­та­масыз ету үшін нақты қадам­дардың бірі болады.

Қарардың ережелерін толы­ғымен сақтауға шақыра отырып, барлық мүдделі елдерден Сириядағы қақтығысты тез арада реттеу мақсатында қақтығысушы тараптар арасында сенім шараларын нығайту жолында нақты қадамдар қабылдауы үшін өздерінің беделі мен ықпалының пайдалануын күтеміз.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде, Сирия бо­йынша Астана процесінің тәжірибесіне сүйе­ніп, осы елдегі ахуалды, бірін­ші кезекте Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Женевадағы келіссөздерді жалғастыру және оған жалпы практикалық қо­л­дау көрсету арқылы бейбіт жолмен шешуге балама жоқ екеніне сенімді.