25 Қараша, 2011

Құқықтық қорғау қолдауы

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Бас Прокурордың төрағалық етуімен Заңдылықты, құқықтық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Онда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйі және олардың қызметіне заңсыз араласу фактілерінің жолын кесу бойынша мемлекеттік органдар қабылдаған шаралар туралы мәселе қаралды.

Жеке кәсіпкерлікті қолдау және бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың стра­тегиялық міндеттерінің бірі. Алайда, бизнеске әкімшілік қысым жасау әлі күнге дейін орын алуда. Проку­рор­лық тексерулердің қорытындылары мемлекеттік органдардың кәсіпкер­лер құқықтарын бұзылуының көпте­ген фактілерін анықтады. 2010 жыл­дың басынан 6 995 заң бұзушылық анықталып, 4 844 кәсіпкердің конс­титуциялық құқықтары қорғалды. 1 128 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.

Үйлестіру кеңесі қалыптасқан жағдайды ескере отырып, барлық мемлекеттік органдарға бизнес ісіне араласу фактілерін түбірімен жою үшін жан-жақты шаралар қабылдау және тексерулерге ведомстволық бақылауды күшейту туралы ұсыныс жасады. Осы мақсатта тексерулерді жүйелендіруге және бизнес жүр­гізу­дің заңды жолдарын ынталандыруға бағытталған тәуекелді бағалау жүйе­сінің критерийлеріне сәйкес тексерулерді міндетті түрде жоспарлау қа­жеттігі атап өтілді. Сондай-ақ Үйлес­тіру кеңесі келешекте әкім­дердің рейтинг көрсеткіштеріне қоса оты­рып, өңірлер бөлігінде биз­нес жүр­гізу шарттарын ба­ға­лаудың бірыңғай жүйесін әзірлеуді ұсынды. Тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлға­лардың жауапкершілігін арттыру­ды көздейтін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастама жасау ұсынылды, деп хабар­лады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.