Қазақстан • 26 Ақпан, 2018

Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың жаңа құрамы өз жұмысын бастады

246 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтауда өңірлік коммуникациялар қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша арнайы мониторинг тобының брифингі ұйымдастырылды.

Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың жаңа құрамы өз жұмысын бастады

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының, «Маңғыстау облысының азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ мүшелері қатысты.

Кіріспе сөзінде  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің «Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы» басшысы Н. Айтжанов, арнайы мониторинг тобының мақсаттары мен міндеттері, 2017 жылғы атқарылған жұмысы және алдағы уақытта жоспарланған іс-шаралармен таныстырды.

Өз кезегінде арнайы мониторинг тобының мүшесі Н.Оқуов, арнайы мониторинг және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топтарының жұртшылықпен кездесулері барысында анықталған мәселелерге баса мән беріп, кәсіпорындардың, оқу орындарының, денсаулық сақтау мекемелері мен жеке-меншік фирмалардың еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жоспарларына тоқталды.

«Арнайы мониторинг тобының» төрайымы Ж.Ахметова, алдағы жоспарларда азаматтардың, белсенді көзқарастағы тұрғындардың, қоғамдық бірлестіктер мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің ұсыныстары ескерілгендігін жеткізді. Және де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша  арнайы топтың қызметіне азаматтық қоғам институттарының өкілдерін белсенді қатысуға шақырды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің үйлестіруімен арнайы мониторинг тобы құрылып, құрамына белсенді қоғам өкілдері, журналистер, блогерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партия өкілдері енген болатын.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы